• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Тамыз, 20:01:26
Атыраулық «Жасыл ел» сарбаздары облыс аумағын 180 текше метр қоқыстан тазартты

09 Қараша, 2018 IT

Қытайлық тележүргізуші адам емес екен (видео)

Оны ойлап тапқан Синьхуа ақпарат агенттігі мен іздеу жүйесіндегі Sogou.com қытайлық компаниясы.

Жасанды интеллекттің ( әрі қарай –AI) тележүргізуші ретіндегі тұсауы Қытайдың шығысындағы Чжэцзян аймағында кесілді деп хабарлайды xinhuanet.com. 8 қараша күні Чжэцзянда өтіп жатқан бесінші дүниежүзілік интернет-конференцияда AI жаңалық оқып, өзінің мүмкіндігін паш етті.

AI-ды қарапайым ер азаматпен шатастыру оңай. Қимыл-әрекетінде де жасандылық жоқ. Тікелей эфирдегі видеоларды көріп отырып, мәтін құрастырып, кәдімгі жүргізуші құсап тілшілік қызмет атқара алады.

Оны ойлап тапқан Синьхуа ақпарат агенттігі мен іздеу жүйесіндегі Sogou.com қытайлық компаниясы.

Бұл сырбаз «жігітті» дүниеге әкелген Синьхуаның айтуынша, ұжымның бір мүшесіне айналған ол 24 сағат бойы үздіксіз сайтта және басқа да әлеуметтік медиа платформаларда тынбай жұмыс жасай алады. «Сол арқылы жаңалықтардың өзіндік бағасы кеміп, өнімділік артады» дейді синьхуалықтар.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір