• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 04:43:36
Алматы
+35°

04 Қаңтар, 2019 NEWS

Денис Теннің анасы: Мұның жай автоұрлық екеніне алғашқы секундтан-ақ сенбедім

Марқұм қазақстандық фигуристің анасы Оксана Тен Денис Теннің өліміне байланысты сот залында түсінік берді.

Қазақстандық фигуристің анасы Оксана Тен марқұм Денис Теннің өліміне байланысты сот залында түсініктеме берді. Оксана Тен ұлының тапсырыспен өлтірілгеніне сенімді.

«Алғашқы секундтан бастап-ақ мұның жай ғана автоұрлық екеніне сенбедім. Бұл менің аналық сезімім ғана емес, интуициям. Болған жайтпен неге келісе алмай тұрғаным сіздерді қызықтырған болар. Денисті оңайлықпен ашуландыра алмайсың. Ол үшін оны арандату керек. Күдіктілер де дәл солай істеді», - деді Оксана Тен.

Анасының айтуынша, тергеу процесі жақсы өтті, алайда өлімнің аяқасты болғанына ол сенбейді.

Сот Алматы қаласында осымен екінші күні өтіп жатыр. Сот процесі қазақ тілінде жүруде. Төрағалық етуші судья – Кеңшілік Әбділдинов.

Денис Теннің өлімі

Елдің мақтанышы, қазақстандық фигурист Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде қайтыс болды. Денис өзінің көлігіндегі айнаны ұрламақ болған екі ұрыны байқап қалады. Ұстамақ болғанда, олардың бірі санына пышақ тығып жібереді. Көп қан жоғалтқан Денис Тен ауруханада қайтыс болады. Денистің жасы небәрі 25-те еді.

Фигуристің ісі бойынша бүгінде үш күдікті анықталып отыр: Олар - Арман Құдайберген, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір