• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

11 Қаңтар, 2019 Әлемде

ІІ Елизавета патшайымның ерекше әдеттері

ІІ Елизавета патшайым 66 жыл ел билеу ісінде, 1989 жылдан бері 30 жыл қатарынан тырнақ бояуын қолдануда рекорд орнатқан Британия билеушісі.

Күнделікті өмірде әрқайсысымыздың өз ережеміз бен ұстанатын жеке салтымыз бар. Бізді кейде мұндай әдеттер көпшіліктен ерекшелейтін болса, кейде ерсі көрсетуі де мүмкін. ІІ Елизавета патшайымның да елден ерекшелеп тұратын әдеттері бар. Qamshy.kz ақпарат агенттігі 66 жыл Ұлыбританияны билеп, ел басқару ісінде рекорд жаңартқан әйгілі патшайым ұстанатын ерекше ережелерді оқырман назарына ұсынады.

Сапар кезінде патшайым қаны құйылған қалташаны үнемі алып жүреді

Ол сапарға немесе саяхатқа шыққанда әрдайым өзінің қаны құйылған арнайы қалташаны алып жүреді. Патшайым – Британ монархтарының ішіндегі ең көп саяхаттаған билеуші. Сондықтан ол кез келген қауіпті жағдайларға дайын болуы керек. Оның жанында міндетті түрде арнайы дәрігер жүреді. Қандай да бір қауіпті жағдай орын алатын болса дәрігер қан құйылған қалташа мен арнайы дәрі қобдишасын пайдала отыра, алғашқы көмекті дер кезінде көрсетеді.

букингем сарайы

Патшайым Букингем сарайының терезесін ашуға рұқсат бермейді

Мұның да өз себебі бар. II Елизавета сарайдың халық көретін беті әрдайым мінсіз болуы тиіс деп санайды. Тек белгіленген уақыт аралығында ғана терезелерді ашуға рұқсат етілген.

муз

ІІ Елизавета патшайым мұз кесектерін жек көреді

Оған сусындар құйылған ыдысқа тигендегі мұз кесектерінің дауысы мүлде ұнамайтын көрінеді. Патшайым мұз дөңгелек немесе шар тәрізді пішінде болғанын қалайды. Себебі, оның шыныға тигендегі дыбысы әдемірек әрі сазды естіледі екен. Тіпті, оның жұбайы ханзада Филипп домалақ пішінде мұз қатыратын арнайы аппарат та ойлап тапқан деседі.

сөмкесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Патшайымның сөмкесі арқылы нені білуге болады?

Елизавета патшайымның сөмкесінің өзі арнайы қызмет атқарады. Ол сөмкенің ішіне қарапайым әйелдер сияқты әмиян, бояу мен қағаз-қалам емес, арнайы ілмек салып жүреді. Патшайым әртүрлі жиындарға барғанда сөмкесін жанынан тастамайтынын жиі байқауға болады. 

Егер патшайым сөмкесін үстел үстіне қойса, кездесу 5 минуттан кейін аяқталады дегенді білдіреді. Ал патшайым кездесу қызықсыз өтіп жатса, сөмкені жерге қойып білгі берген. Егер патшайымның өзі алып жүретін ілгекке сөмкесін ілгенін байқасаңыз қуана беріңіз, өйткені сізбен кездесу қызық өтіп жатыр әрі патшайымның жағдайы жақсы.

 

коллаж сумка

Патшайым реттік нөмірлі киім киеді

Патшайым киетін киімдерінің реттік нөмірі бар. Сол арқылы арнайы журналға киімдердің қайда және қашан киілгені туралы есеп жазылып отырады. Бірақ, бұл ІІ Елизаветаның өз киімдерін тек бір-ақ рет киеді дегенді білдірмейді. Ол киімдерін қайта өңдеуге, жаңартуға беріп тұрады.

патшайым киімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Патшайым картоп пен сорпа ішпейді

Себебі оған крахмал өнімдерін тұтынуға тыйым салынған. Бірақ, отбасы мүшелерінің арасында бұл тағамды ұнататындар үшін аспаздар жеке кешкі ас дайындайды. Алайда патшайым тәтті бәліш пен ыстық шайды жақсы көреді. 

меню

II Елизаветадан бұрын аяқ киімін қызметшісі киеді

Жаңа аяқ киімдердің жайсыздық тудыратынын көптеген ханымдар білетін шығар. Патшайым үшін жаңа туфлиін біраз уақыт киіп, аяққа жайсыздық тудыратын бөліктерін «жұмсартып» береді екен.

туфли

30 жыл бойы бір ғана тырнақ бояуын қолданған

ІІ Елизавета тек ел билеуде ғана емес, тырнақ бояуын қолдануда да рекорд орнатқан болар. Себебі, ол 1989 жылдан бері соңғы 30 жыл ішінде тек бір түсті бір ғана брендтің тырнақ бояуын қолданып келеді.

лак

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір