• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

12 Қаңтар, 2019 Оқиғалар

Тағы да төбелес: 3 адам зардап шекті (видео)

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінің алдында төбелес болды

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінің алдында төбелес болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі lada.kz сайтының дерегін негізге алып. Әлеуметтік желіге 11 желтоқсанда болған бір топ жігіттердің арасында болған төбелестің видеосы жарияланды. 

Аталмыш оқиғаға байланысты колледж директоры түсініктеме берді. 

-"Болған жайттан кейін ата-аналар жиналысы өткізілді. Біздің колледжде оқитын бір студент қазір тергеуде. Оның ата-анасымен түсіндірме жұмыстар жүргізілді",- дейді Мезілбек Өтебаев.

Ал Маңғыстау облысының полиция департаменті аталмыш жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. 

"11 желтоқсанда Маңғыстау гуманитарлық колледжінің алдында, 2-ықшамауданда төбелес болғаны анықталды. 3 адам зардап шекті. Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігі бойынша Ақтау полиция бөлімінде тіркелді", - дейді ведомстваның баспасөз қызметі. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір