• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:44:14
Алматы
+35°

06 Ақпан, 2019 Әлеумет

Жалғызбасты ананың наласы: "Нашар анасың!" дегенге етім үйренген

Балаларымның жанында болып, күнде бірге уақыт өткізгенің үшін аспаннан ақша жаумайды.

Мемлекеттің түк қатысы жоқ дегенге өз басым келіспеймін. Мен де анамын, мен де балаларым аш қалмас үшін жұмыс істеймін.

Кездесулер, түрлі жобаларым бар, көңілім қанша алаң болса да үйге кеш қайтатын күндерім болады. Балаларымның жанында болып, күнде бірге уақыт өткізгенің үшін аспаннан ақша жаумайды. Ата-анаммен де осы үшін жиі сөзге келемін. «Нашар анасың, балаларыңа уақыт бөл!» дегенге етім үйренген. Неге?

-Себебі жалғыз басты аналарға ешқандай көмек қарастырылмаған. Мүлде!

-Себебі күйеулер алимент төлемейді, тіпті олардан алимент өндіріп алу мүмкін емес.

-Себебі елімізде 700 000 айлығы бола тұра табысын жасырып, 7000 теңге төлеуге болады. Мұны тексеріп жатқан ешкім жоқ.

-Біздің елде ғана екінші әйелі бірінші әйеліне төленетін төлемнің мөлшерін қысқарту үшін алиментке арыз жаза алады. Құдды әлгі алимент балаға емес, әйелге төленіп жатқандай. Өзіне қымбат ішік сатып алуы мүмкін ғой?!

-Себебі мемлекеттен пәтер алу үшін ерлі-зайыптылар қағаз жүзінде ажырасады да, әйелі жалғыз басты ана ретінде кезекке тұрады. Ал нағыз жалғыз басты аналар кезекке тұру мүмкіндігінен айырылады.

-Себебі біздің елде мүгедектерге өздерінің мүгедектігін дәлелдеу үшін 5 жыл уақыт керек. Әйтпегенде барлық жеңілдіктер мен төлемдерден қағылады. Мемлекеттің логикасына сүйенсек, көзі соқыр адам 5 жылдан соң көріп кетуі әбден мүмкін екен. Жиенім қатерлі ісікке шалдығып, бүйрегін алдырту үшін ота жасатқан еді, ал 5 жылан соң мемлекет оны мүгедектіктен алып тастаған. Ал бүйрек қайта қалпына келмейді. Әйтеуір тіршілігін жасап жүр.

Айта берсе көп... Алайда факт біреу – біздің мемлекетте ешкімнің құқығы қорғалмаған. Әркім өз бетінше тыраштанып, күн көріп жүр. 4 несие алады, түнде жұмыс істейді, балаларын жалғыз қалдырады...

Мынаған сенімдімін: барша Қазақстан болып ақша жинап, жемқор билікке сұраған ақшасын берейік. Соған тойып, халықтың қамы үшін жұмыс істесін.

Айна Досмахамбетқызының Instagram-дағы парақшасынан алынды

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір