• USD 383.34
  • EUR 431.45
  • RUB 5.89
  • CNY 55.51

08 Сәуір, 2019 Аймақтар

Атырауда Шалқар Ақымғалиевтың рухына көкпар ұйымдастырылды

Жаппай көкпарға 30-дан аса шабандоз қатыст

Жаппай көкпарға 30-дан аса шабандоз қатысты, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жаппай көкпарды "НұрАтырау Құрылыс" ЖШС-і ұйымдастырды. Мекеме қолдауымен киіз үй тігіліп, қазақша күреске кілем жайылып, Құран оқылды. Шараға Шалкар Ақымғалиевтың анасы Ләззат Мәженқызы, қайғылы оқиғаны бастан кешірген Рүстембек Сүндетов, ел азаматтары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Шара барысында Шалқар батырымыздың анасына алғыс xат табысталып, Рүстембек батырымызға шапан жабылды.

-Атырау обысында ұлттық спорт, соның ішінде көкпар қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда қаламызда апта сайын жеке азаматтар, мекемелер ұйымдастыруымен жаппай көкпар, топтық көкпар ұйымдастырылады. Бүгінгі шара халық батыры Шалқардың рухына ұйымдастырылды. Бұл еліне елеулі азамат, оның ерлік қадамы мәңгілік ел жадында,- деді Атырау облыстық Ұлттық спорт түрлері Федерациясының президенті Асланбек Жанбалаев.

Еске сала кетейік, 21 наурыз күні Атырауда Шалқар Ақымғалиев Жайық өзеніне көпірден секірген бойжеткенді құтқарып, өзі қаза болған еді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір