• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

09 Сәуір, 2019 Тәлім мен тәрбие

Баланы жемқорлыққа балабақшадан бастап үйрететін - Өзіміз

"Қызыңыз алтын белгімен бітіргенін қаласаңыз, ақысын төлесеңіз болғаны..."

Мына екі жайт әлі есімде. Кеше ғана болғандай... Ол кезде ұстаздық етіп жүрген едім...

***

Әртүрлі байқаулар... Қайда бұрылсаң, қайда қарасаң... Әділ өтетіні бар, өтпейтіні бар. Оқушыларымды қыркүйек басталғалы 4-5 байқауға қатыстырдым. Біреуінен ғана ынталандыру алдық. Ал қалғандары (кіл шығармашылық байқаулар) тіпті "көзге ілінбеді".

- Жарайды, ізденуі аз, көркемдік жағы нашарлау, идеясы ашылмаған, тақырып өзекті емес, ережеде бекітілген санаулы беттен асып кетті делік. Ал, онда жүлдеге лайықты шығарманы оқытыңызшы? Үздік суретті көрсетіңізші? - десек, алған жауабымыз: 

- Сіз бізді тергейін дедіңіз бе? Оны қайтпексіз? Сіздердікі нашар! Келесі жолы жақсылап жазып келсін балаларыңыз... Суретті де дұрыстап, тақырыпқа сай салсын...
Қоймай да, қоймай сұраған соң, үздік сурет мынандай болады деп, үлкен форматты қағазға салынған әлдебір әдемі балеринаның суретін көрсетеді маған. 
- Бірақ мынаның Алматының күніне арналған тақырыпқа қатысы қанша? Ережеде А4, А3 форматқа салынсын делінген. Біз дәл солай салып келдік. Тіпті әдемі салынды. Тақырыпқа сай! Ішінен таңдап әкелдік ең жақсыларын... Онда суреттерімізді қайтарыңыз!...

- Сізге не керек? Қайтарылмайды. Ережеде солай. Үздік шығарманы да көрсетпейміз!
- Ережеге сай салынбаған сурет қалай үздік болады? Ал, шығармалар ше?...
- ... 

Оқушылардың үмітін үкілеп шығармаларын алып келген жерімнен құры қол, басым салбырап қайттым... Балаларға не айтамын? Неге балерина салмадыңдар? Неге аз-ақ жазбадыңдар деймін бе?
Осыдан кейін қалай ғана оқушыларымды байқауға сүйреймін? 

***

9-сыныпта оқитын сіңлімнің білімі өте жақсы. Мақтауым емес. Рас,  тым жақсы оқиды. Ізденеді. Ұстаздары да мақтайтын қыз. Сол білімі зая кетпесін, бір бағытқа бұрылсын деп, физикадан ғылыми жоба жазып, қорғап көрсеңші дедім. Келісті. Ұстазына бардым. "Ғылыми жобаға тақырып таңдап, сіңліме бағыт көрсетсеңіз. Ол өзі жазады. Тек арасында тексеріп, жетекшілік етсеңіз..." деп айтсам, "Ақшаларың көп пе? "Әншейін" сертификат алу үшін 90 мың керек. Бар ма? Қазір-ақ сертификат береді. Қазір біліммен алып шығатындар аз. Білімі болса да, ақшамен келгендер озып кетеді. Оның жақсы оқитынын білемін. Босқа көңілі қалып қалады..." - деді апайы...

Осыдан кейін қай жетіскен білім? Жастар ізденбейді, оқымайды, ондақ-мұндақ деп айтып көріңізші? Алғаш білім алар қабырғадан бастап осындай әділетсіздікті көріп, сезініп өскен бала ертең елдің қамын қалай жесін? Қалай? Әр пәннен 4-5 кітап арқалап, сағат санын көбейтіп оқығаннан не пайда біздің кезде оқыған бір кітаптың құнына жетпесе!? Кім кінәлі? Ертең студент болғанда жұмыс жасап, сессиясын ақшамен жаба салуды мектептен бастап үйретіп жатқан жоқсыздар ма "Шенділер, Шекпенділер"!? 

Қап,  әттеген-ай! Өкініш өзекті өртеп бара жатыр!  Ашуым келіп Әлдекімдерге жер тіреп тұрғандай, әділдікті жақтайтындай, жүздерінде түлкі бейнесі, жүректері дүниеге толған, көздерін шел басқан біреулер жоғарыға отырып алған! Айтқанымды өтірік деңіздерші? "Сондайлардың" кесірінен қаншама бала арман көкке ұшып, алысқа жетелер қанаттары қиылды, қаншама расында елдің, қазақтың, жастардың, қазақ тілінің қамын жейтін ағай-апайларым және олардың ұлы істері көзге көрінбейтін көлеңкеде қалып қойды десеңші! Балапандар, періште тілекті, көңілдері пәк бүлдіршіндер, ардақты, елдің елеулі, халқының қамын жейтін, қазағы үшін аянбай тер төгіп жүрген ағай-апайларым, "сол біреулер" үшін Сіздерден кешірім сұраймын...

Ақша, ақша деп... қай жерге дейін барар екенбіз...

***

Қазір оқушылар бұрынғыдай күнделік ұстамайды. Бағаны ғаламтор арқылы арнайы сайтқа қойып отырады. Мұның қолданысқа енгеніне көп болмады. Онсыз да миы ашып жүрген ұстаздар мен оқушылар үшін бұл бағдарламаның пайдасынан зияны көп сияқты.

Биыл бір танысымның қызы мектеп бітіреді. Ерекше куәлікке үміткер. Бірінші сыныптан бастап беске оқып келеді. Тоғызыншы сыныптан кейін мектебін ауыстыруына тура келді, отбасылық жағдайға байланысты. Жақында анасын мектеп директоры шақыртыпты. Неге дейсіз ғой. Шақырту себебі мынада екен.

"Қызыңыз алтын белгімен бітіргенін қаласаңыз, ақысын төлесеңіз болғаны..."

Иә, дәл осылай, "сатылады" депті. Білім сатылады. Қағыс естімедіңіз, алтын белгі сатылады! Және қарапайым ата-ана болсаңыз, бағасын қалтаңыз көтеретініне күмәнім бар. 

"Жарайды, бағасы қанша" десе, айтпапты. Құпия демек. Төлеймін десе, бағасын айтады екен.

"Онсыз да бірінші сыныптан бастап беске оқып келе жатқан қызыма алтын белгі керек емес, ерекше куәлік алса да жетеді" деген танысымызға: "Оған да төлейсіз" депті. Бұл не сұмдық! Табельдің бәрінде тайға таңба басқандай айқайлап тұр бестіктері! Соны көре тұра, әрі тесттен жақсы баға алса да, ерекше куәлігін бермейін деп тұр ма? 

ҰБТ-ға дайындық сынағынан қандай да бір пәннен "3" алса, оны күнделік.кз-ға қойса, онда алтын белгі тұрмақ, ерекше куәліктен де қағылады екен. Сонда сонша жыл алған білімін қайдағы бір сынақтың нәтижесіне қарап бағалай сала ма? ҰБТ дегеннің өзі оқушының нақты білімін тексеретін әдіс емес қой!

Сөйтіп, әлгі қыз дайындық сынағынан бір пәннен "3" алыпты. Сонда директоры шақырып, төлесеңіз, бағасын түзеп жаздыртамын да, ерекше куәлікке ілінеді депті... Әділдікті жақтайтын танысым бас тартыпты. 

***

Өзі ұстаз әпкемнің тұңғышында да осыған ұқсас жағдай болғанын жоғарыда жаздым. Дәл сол қызы ешкімге ешнәрсе төлемей-ақ "Алтын белгісін" алып, бүгінде еліміздің белді оқу орындарының бірінде 2 курста грантта  оқып жүр. 

Түбі әділдік орнайды бәрібір! Тек жолы қиын, салмағы  ауыр...

Түйін: балабақшадан бастап тәрбиешісіне сыйлық беріп, балама "дұрыстап" қараңыз деп, мектепте бағасын көтерту үшін ұстазына ақша беріп... негізі баланы жемқорлыққа үйрететін мына - Өзіміз. Балық бекер басынан шірімейді. Бәрін әуелі өзімізден, ісімізден, әрекетімізден бастайық. Сонда ұрпақты орынсыз кінәлауды қоятын шығармыз.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

24 пікір

Батыр Баян 08 Маусым, 2017

Өте өткір мәселелер қозғалыпты. Қытайдағы қандастарымыздың тағдыры барша қазақтың тағдыры. Бір жарым миллион қаракөзіміз қытайға жұтылып кетпей тұрып елге келсе жақсы болар еді.

Монғол 08 Маусым, 2017

Қытай фобиясына жұтылмай қорықпай араласу керек, дұрыс айтады.

Білгіш 08 Маусым, 2017

Қытайдан зейнет аламыз деп бес он тиынына қызықпай елге келсеңдерші қандастар-ау

ايدوس 08 Маусым, 2017

قامشى قايداعى اتتى -شاپتىنى جازباي وسىنداي جاقسى ماقالالار سالساڭىزدارشى، سايت ول پىت-شىتى شىعىپ تۇرعان!

проф. Совет-Хан Ғаббасұлы. 08 Маусым, 2017

Қадірлі Нұрғали НҰРТАЙ мырза - мынау шын мәнінде жағымсыз және Қазақ пен Қытай халықтары арасындағы достыққа зардабын тигізерлік мәселені кеңінен көтергеніңе рахмет !!.. Сұхбатты бастан-аяқ оқып шыққан соң... дәл осы мәселеге тікелей қатысым болғандықтан, ПІКІР қосуды жөн көрдім. Қысқаша айтсам... мәселе былай басталған еді. Өткен МАЙ айының басында, бір топ жоғары білімді ... Қытайда туып-өскенімен, көптен бері өз Отанына келіп әр саланың мамандары ретінде жұмыс істеп жатқан АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІМЕН кездескен едім. Біздер тура осы СҰХБАТТА айтылған мәселелер бойынша... кеңесе келіп, тоғыз (9) түрлі... Қытайдағы Қазақтарға жайсыз тиетін... заңсыз мәселелерді ҚАҒАЗ бетіне түсіріп... 47-адам қол қойып, менің КӨМЕКТЕСУІМДІ сұрауына байланысты 10-шы МАЙ да АСТАНАҒА келіп, 11-ші МАЙ да қосшы болып келген ҚЫДЫРӘЛІ мен СЫРТҚЫ ІСТЕР минстрлігіне кіріп, КЕҢСЕ бастығы БАУЫРЖАН мырзаға тапсырғамыз. Екінші данасы "НҰР ОТАНҒА берілді. Қортынды жақсы екен...