• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

15 Сәуір, 2019 NEWS

40 жастағы ер адамды жүк көлігі қағып өлтірді (видео)

Mercedes-Benz Sprinter 40 жастағы ер адамды қағып кетті

Mercedes-Benz Sprinter 40 жастағы ер адамды қағып кетті.

Бішкекте жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Қайғылы оқиға видеоға түсіп қалған.

Трагедия 13 сәуір күні шамамен сағат 18:00-де Дооронбек Садырбаев және Ахунбаев көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қырғызстанның дерегіне сүйеніп.

Бішкек Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасының мәліметінше, Mercedes-Benz Sprinter жүк көлігі жолды кесіп өтпек болған 40 жастағы ер адамды қағып кеткен. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетпеген. Қажетті сараптамалар тағайындалды.



Ұсынған: Назерке Лабихан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір