• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 12:55:13
Алматы
+12°

27 Мамыр, 2015 NEWS

Қазақстандағы ең үздік әкім - Амандық Баталов

Ел Президенті қайта сайланды. Экономикалық дағдарыс есік қағуда. Әлемдік геосаяси ахуал күн сайын құбылып тұр. Тәуелсіздіктің 25 жылында шенеуніктердің...

Ел Президенті қайта сайланды. Экономикалық дағдарыс есік қағуда. Әлемдік геосаяси ахуал күн сайын құбылып тұр. Тәуелсіздіктің 25 жылында шенеуніктердің тізгінді мықты ұстағаны да, аттан құлағаны да аз емес. Әкім кім? Халыққа жақын кім? Оны мына жұрт анық аңғаруда. Шенділердің ішінде аты әйгілісі де, есімін ел білмейтін елеусізі де көп. Қай өңірде өндіріс өркендеп, қай өңірде коррупция қанат жайып отырғаны қарапайым халыққа аян. Қай әкімнің ұлттық рухты ұлықтап, қай әкімнің шетелдің шекпеніне құмар екені де жасырын болмаса керек.

batalov

Біз осы өлшемдерді негіз етіп, оқырмандар арасында «Ең үздік әкімді таңдаңыз» атты сауалнама ұйымдастырған болатынбыз. Сауалнамаға 7000-ға жуық адам назар салса, 2000-ға жуық адам дауыс беріпті. Сауалнама нәтижесі бойынша Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 34%(572) дауыс жинап, қара үзіп алға шықты. Оқырманға әрбір компьютерден бір жолға ғана яғни бір IP-ден бір рет қана дауыс беру мүмкіндігі берілгенін ескерсек, бұл, әрине үлкен жеңіс.

Жері түңкелі, қонысы құтты Алматы облысының тізгінін ұстаған Амандық мырзаның әкімдер арасында көш бастауын әркім әрқалай түсінер. Біз өз әлімізше бағамдап көрдік. Сөйтсек, Амандық Ғаббасұлының Жетісу өңіріне сіңірген еңбегі жылдар қойнауынан менмұндалып тұр екен.

batalov 1

Ол 2001-2008 жылдары әкімнің орынбасары болса, 2008-2014 жылдары әкімнің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Білдей бір облыста 13 жыл бойы орынбасарлық қызмет атқарған Амандық мырза Әкім орынтағына жайғаспай-ақ біраз жұмыстың нүктесін қойыпты.

Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына көшірілген кезде қаладағы Тіл сарайы, Достық үйі, Жастар спорт сарайы сынды көлемді жобаларды жүзеге асыруда Баталов мырзаның айқын қолтаңбасы аңғарылады. Құрылыс саласында қызмет атқарып, кезінде Ш. Айманов атындағы «Қазақфильмді» салуға атсалысқан  Амандық мырза Алматы облысындағы құрылыстардың бой түзеуіне де айтарлықтай ықпал еткен көрінеді.

Ал Амандық Ғаббасұлының Қызылағаштағы алапат апат кезіндегі еңбегін ел әлі күнге ауызынан тастамайды.

batalov 2

Бір айта кетерлігі, Серік Үмбетов мырза Алматы облысының әкімі қызметінен кеткеннен кейін Алматыдағы БАҚ өкілдері бұл өңірден мүлдем бейхабар қалғандай болып еді... Тіпті осы аймақта не болып жатқанын жұрт ауызындағы қауесеттен ғана еститін жағдайға түскендей күй кешкен. Соңғы кездері Облыс әкімінің аппаратына Бақтияр Өнербаев, Ғалиасқар Сарыбаев сынды басшылардың келуімен, сондай-ақ, Талдықорған қаласының баспасөз тізгінін ұстаған Ғалимұрат Жүкелдің арқасында  бұл кемшіліктің де орыны толығатын сияқты...

Untitled

20130117125546

Ал, сауалнамамыздың алғашқы күндерінде топ жарған Қырымбек Көшербаев өз уақытында қанға боялған "Жаңаөзенді" бақарғанына қарамастан Қызылорда халқының алдында әжептәуір ат-атаққа, құрметке ие екен. Сөйтіп, Қ.Көшербаев 23% дауыспен екінші орынға тұрақтады.

Askar_Myrzakhmetov

Сауалнама нәтижесінде шырайлы Оңтүстік өңірдің бірінші қолы болып отырған Асқар Мырзахметовтің де халық алдындағы беделінің тым төменде жатпағаны белгілі болды. Іскерлігі мен өз халқы үшін жасап жатқан игі істерінің арқасында «әкімдер сайысында» үшінші орынға тұрақтады. Әсіресе соңғы уақыттардағы Оңтүстік имиджінің жақсаруына осы өңірдің Ішкі саясатын ұстап отырған Берік Уәли мырзаның ықпалы зор болса керек...

Атауға тұрарлық алғашқы үштік осы. Енді халық назарынан мүлде көтеріліп кеткен, бары мен жоғы белгісіз әкімдерді де атай кетуді жөн көрдік. Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин. Бар-жоғы 8-ақ дауыспен 0% көрсеткіште тұрса, Астана қаласы, Қарағанды облысы, Қостанай облысының әкімідері 1% дауыспен жоққа теңесіп тұр.

7000 рет қаралып, 215 пікір жазылып, 2000-ға жуық адам дауыс берген сауалнамамыздың қортындысы бойынша елдегі әкімдердің халық арасындағы көрсеткіші мүлде төмен. Тіпті ресми іс қағаздары болмаса атын да естіп көрмеген әкімдер жайлы жазылған пікірлер болды.

Амандық Баталов мырзаның қызметіне сәттілік тілейміз! Елбасының ғана емес Елдің де сеніміне ие болған әкімдердің қатары көп болса  екен...

Жебе Ноян

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір