• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Шілде, 05:53:31
Путин Зеленскийге барлық тұтқынды алмастыруды ұсынды

17 Сәуір, 2019 NEWS

Жетісайдағы зорлық-зомбылық: желіде таратқандар жазалануы мүмкін

Түркістан облыстық полиция департаменті желі қолданушыларына қатаң ескерту жасады.

Бүгін әлеуметтік желіде Түркістан облысы, Жетісай қаласындағы 28 жастағы әйел адамның кәмелет жасқа толмаған үш қызға зорлық-зомбылық көрсеткені туралы ақпарат, бейнефото материалдар тарап жатыр.

Аталған оқиға бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізуде.

Белгілі болғандай, үш қыз бала да дін аман, ауруханаға уақытында жеткізілген.

Түркістан облыстық полиция департаменті желі қолданушыларына қатаң ескерту жасады. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

"Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары!

Жетісай ауданында орын алған кәмелет жасқа толмаған апалы-сіңлі үш қыздың дене жарақаты бойынша видео кең тарауда.

Осы орайда Түркістан облысы полиция департаменті кәмелеттік жасқа толмаған балалардың зорлық-зомбылыққа ұшырау фото-видеосын әлеуметтік желі мен мессенджерлерде жариялау ҚР Қылмыстық Кодексiнің 147-бабының 5-тармағына сәйкес жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруға соқтыратындығын ескертеді.

Жариялаған барлық азаматтарға өшіру және таратпау керектігін назарларыңызға жеткізеді. Аталған оқиға бойынша полиция департаментімен тергеп тексеру амалдары басталды және заңды бұза отырып таратушыларды анықтау жұмыстары жүргізілуде", - делінген арнайы мәлімдемеде.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

1 пікір

Бектас 18 Сәуір, 2019

"Айран ішкен құтылып, тостақ жалаған тұтылып" - дегеннің керін келтірейін дессеңдерші.