• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:59:47
Алматы
+35°

23 Сәуір, 2019

Димаш: Ерекше талантым бар деп мақтана алмаймын (видео)

Сұхбат кезінде қытайлық тележүргізуші "Өзіңіздің музыкалық талантыңыз барын қашан түсіндіңіз?" деген сұрақ қояды. Аталмыш сұраққа Димаш былай жауап берді:

Димаш Құдайберген қытайлық телебағдарламалардың біріне сұхбат берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жас әнші өзінің талантын жоғары бағалауға тиіс еместігін, әншінің талантына көрермендер баға беру керектігін айтты. 

Сұхбат кезінде қытайлық тележүргізуші "Өзіңіздің музыкалық талантыңыз барын қашан түсіндіңіз?" деген сұрақ қояды. Аталмыш сұраққа Димаш былай жауап берді:

— Мен мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап музыкамен айналыса бастадым. Жақында 25-ке толамын. Қазір ерекше талантым бар деп мақтана алмаймын. Анау айтқандай дауысым бар деп те айтпай-ақ қойайын. Халық өз бағасын берер, әйтпесе ыңғайсыз. Менің ең үлкен жетістігім — сахнаға шығып өзімнің кішігірім, аз-маз өнеріммен халықты қуанту. 

— Қандай музыка жанрын жақсы көресіз?

— Енді музыка тақырыбына келгенде қатып қалған қағида жоқ. Мен әр бағытты, әр жанрды жақсы көремін. Барынша түрлі бағыттағы әндерді орындауға тырысып жүрмін. 

— Кішкентай кезіңізде кімді үлгі тұттыңыз?

— Майкл Джексон, Селин Дион, Лучанно Паваротти, Андреа Бачелли. Бұларды бөліп жара алмаймын. 

— Сіз қай қытайлық әншілермен бірігіп жұмыс істегенді ұнатасыз?

— Қытайда өзім сүйіп тыңдайтын әншілер өте көп. Мысалы "Леон" тобы. Олар менің достарым. Кәсіби музыкалық тұрғыдан қарағанда олардың деңгейі өте жоғары. Әр түрлі аспапта ойнай алатындарымен мені баурап алды. Сондай-ақ Тиа Рей деген әнші бар. Қазақта сен тұр мен атайын деп айтатындай әншілердің бірі. Мен ғана емес көрермендер де көз жеткізген болар. Терри Лин есімді әншіні тек әнші ретінде ғана емес рухани тұрғыдан өте бай адам деп есептеймін. 

— Батыс әндерін тыңдайсыз ба?

— Иә әрине тыңдаймын. Көптеген әндер ұнайды. Мысалы "Паппарация" деген ән бар. 

 

— Қытай әндері мен батыс әндерінің ерекшелігі неде деп ойлайсыз?

— Мен америкалық шоуға қатыстым. Әр елдің мәдениеті әртүрлі екенін 100 пайыз сеніммен айта аламын. Ең алдымен музыкасы да бір-біріне ұқсамайды. Әрі көрермендердің талғамы да ерекше. Бір елде орындаған танымал әнің басқа елде танымал бола алмайды. Себебі талғамға келмейді. Әр елдің өзіндік талғамы мен мәдениеті бар. Мысалы мен осы елде (Қытайда — ред.) орындаған алғашқы авторлық әнім "Battle of Memmories" болды.  Бұл ән саундтрек болды және бірнеше музыкалық премияға ие болды. Енді бұл әнді мен басқа елде орындайтын болсам, кейбір елге ұнауы мүмкін, ал кейбірі тіпті мән бермеуі де мүмкін.

— "I am singer" байқауынан не ала алдыңыз?

— Бұл жоба менің мансабымның қалыптасуына үлкен септігін тигізді. Мысалы Қытайдағы қаншама көрермендер мені өздері үшін жаңалық ретінде ашып алды. Сондай-ақ шет мемлекеттерде өз тыңдармандарым пайда болды. Бұл бір жағынан алып қарағанда бақ. Сондай-ақ менің ұстаздарым өте керемет кісілер болды. Әрі кішігірім дарынымыз да бар шығар. Алланың қалауымен осындай нәтижесін беріп жатыр. 

— Жақында ғана атышулы "Богемская рапсодия" атты фильмнің премьерасы өтті. Аталмыш фильмді көрдіңіз бе?

— Мен Queen тобының бұрыннан келе жатқан тыңдарманымын. Ал бұл фильмді көрген кезде мен екі ойлы болып қалдым. Музыкант ретінде мен бұл фильмнен Фредди Меркьюридің өмірін көбірек көргім келді. Мысалы ол Майкл Джексонмен кездесті. Олар кездескен кезде туындыны дүниеге әкелу мақсатында біраз әңгімелескен болатын. Сондай сәттері фильмге енбей қалған. 

— Осы жылы сіз I am singer байқауында Queen тобының 3 әнін орындаған едіңіз. Өзіңіз орындаған осы әндердің мағынасын қалай түсінесіз?

— Бұл керемет әсер болды. Осы әндерді орындайтынымызды білген кезде мен қатты қуандым. Өйткені бұл — классика болып кеткен туындылар. Мысалы қазіргі таңда "Show must go on" секілді күрделі әнді танымал қылу қиын. Селин Гионның "Титаник" деген әні де бар. Осындай әндерді хит қылу әлдеқайда ауыр. Бірақ бір ерекшелігі мұндай әндер ұзақ жылдар бойы хит болып қалады. Сол "Титаник" әнімен Селин Дион әлі күнге дейін көрермендерге лық толы стадион жинап жүр. Сіз айтқан "Богемская рапсодия" атты ән құрылымы жағынан өте күрделі ән. Бірақ сол ән әлі күнге дейін көрермендердің құлағының құрышын қандырып жүр. Мұндай әндер хит болса тыңдармандар бұл әндерді ешқашан ұмытпайды. Кәсіби түрдегі жеңіл әндер хит болған күннің өзінде де тез ұмытылады. 

— Өзіңіздің алғашқы ән жинағыңыз туралы айтып берсеңіз. 

— Бұл ән жинақты мен белгілі бір бағыт бойынша, белгілі бір стилде болсын деген ниетте жазбадым. Бұл менің ең алғашқы ән жинағым. Менің шығармашылығымдағы ең маңызды сәттердің бірі. Аталмыш ән жинақтың басым көпшілігі неоклассика бағытындағы әндер және қазақтың халық әндері де бар. Барынша сапалы жинақ шығаруға тырыстым. Алыс жақын елдердегі композиторлармен қоян-қолтық араласып, бірге жұмыс істедік. Солардың қатарында ресейлік Игорь Крутой да бар. Тыңдап бағасын беріңіздер. Көрермендердің көңілінен шығып жатса, бұл мен үшін үлкен жеңіс болар еді. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Интервью. Пекин

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір