• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
17 Шілде, 18:24:27
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесі мен құрамы бекітілді

15 Мамыр, 2019 Саясат

Қаражат жинаған қарағандылықтар Қосановпен құс фабрикасында кездеспейтін болды

ҚР президентіне үміткер Әміржан Қосанов бүгін, яғни 15 мамыр күні Қарағанды халқымен кездеседі

ҚР президентіне үміткер Әміржан Қосанов бүгін, яғни 15 мамыр күні Қарағанды халқымен кездеседі, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Әміржан Қосанов әлеуметтік желі арқылы өткізген тікелей эфир барысында мәлімдеген болатын.

Алғашында Қосановтың Қарағанды жұртшылығымен жүздесу орны  қала сыртындағы Үштөбе деген жерде орналасқан "Курминка" құс фабрикасы делінген. Қосановтың айтуынша кездесу орынын ОСК бекітіпті. Ал бұл жағдай әлеуметтік желідегі көптеген белсенденің бірден наразылығын тудырып, олар президенттікке үміткер адамның кездесуі қала сыртында өтетінін құптамаған.

Әміржан Қосанов

Қарағандылық белсенділердің бірі Айсұлтан Жақыпов фейсбук парақшасы арқылы барлық кандидаттарға жағдай бірдей жасалу керек екенін айтып, ОСК-ның кездесу орнын қала сыртына белгілегенін әділетсіздікке балаған.

"Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлердің бірі, өз фаворитім Әміржан Қосанов ағамызбен кездестім. Қарағандыда жүр ағамыз. Ертең осы жақтағы сайлаушыларымен кездесу. Қай жерде өтетінін үш мүмкіндіктен табуға тырыспай-ақ қойыңыз. Орталық Сайлау Комиссиясы өз жұмысын мықты атқарған екен. Нұp Отан ғимараты дерсіз, Шалқыма концерт залы дерсіз, Кеншілер мәдениет сарайы дерсіз. Барлығы қате. "Лақтың ғо тағы" деп жымиып қана отыра берер))
Үштөбедегі Карл Маркc атындағы құс фабрикасының асханасында ертең 10.45 шамасында кездесу өтпек.
Қарағанды қайда? Үштөбе қайда? Тиіп тұрғандай көрінер. Дегенмен де...
Кандидаттарға жағдай бірдей жасалуы керек шығар.
Қасағамды Курминка құс фабрикасынан көргім келеді. 
Әужекеңе сұрақ болса, ертең эфирге шығамыз. Жерлестер, көңілі Қосанов деп алабұртқан ағайын, қалыс қалмай Үштөбеге келіңіздер" - деп жазды.

ОСК-ның бұл әркетіне наразы болған Қосановтың қарағандылық қолдаушылары қалталарынан қаражат бөліп, кездесу орнын "Достар-Әлем" қонақүйіне ауыстырған. 

Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Бэлла Орынбетова хабарлады.

"Қосановтың қарағандылықтармен кездесуін жоғарыдағылар алдымен Үштөбедегі "Курминка" құс фабрикасына белгілепті. Бүкіл Қарағандыда орын табылмағандай. Ол біріншіден біреудің жекеменшік территориясы, екіншіден онда карантин екен.
Қарағандылық белсенділер қаражат жинап кездесуді ұйымдастырды. Юго-Востоктағы бұрынғы Созвездие, қазіргі "Достар-Әлем" қонақүйінің конференц залы. Бүгін 15 мамыр сағат 12-30. ҚОСАНОВ деген кім, ол не ұсынады десеңіз, келіңіз"  - деп жазды Б.Орынбетова.

Ұсынған: Мият Кәшібай

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

2 пікір

Анарбек Сманов Камбарович 16 Мамыр, 2019

Қосановқа дауыс беру арқылы болашағымыз жарқын болсын деген ниетпен алға Қазақстан!

Байдалы Абдихдыр 16 Мамыр, 2019

Косыламын алга, Иншаллах бари дурыс болады