• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
21 Қыркүйек, 04:58:57
Кевин Гастон: Бұл табиғаттың құрдымға кетуі деген сөз

20 Мамыр, 2019 Айтты-ей, бауырың!

"Димаш, сен саясаткер емессің..."

Димаш ұлым! Саған бір айтарым, сен қазір əлем білген əншісің.

Димаш саясаттан аулақ бол! Димаш ұлым! Саған бір айтарым, сен қазір əлем білген əншісің. Сен саясаткер емессің. Сен еліңе өнерің мен əніңмен қызмет ет! Саясаттан аулақ бол! Еш қандай партияға, саяси қозғалыстарға мүше болма! Сенің партияң қазақ халқы! Сенің идеяң қазақтың өнері, оның құндылықтары!

Президент сайлауына түсіп жатқан ешбір кандитатты қолдап, концертіне қатыспа! Елдегі көрермендеріңнің көбінен айрыласың!

Мен сенің есіңе саясаттың құрбаны болған əлем білетін əншілерді салайын. Ұлы əнші Марио Ланц италияның мафиозына қарсы келгені үшін, америкалық əнші Дин Рид — атомға жəне Вьетнамдағы соғысқа қарсы болғаны үшін, Виктор Хара Чилидегі Пиночеттің əскери төңкерісіне қарсы болғаны үшін, рок - əнші Тальков Ресейдегі саясатқа қарсы саяси əндер мен өлеңдер жазғаны үшін құрбан болған. Бұл тізімді жалғастыра беруге болады.

Мен қазақтың екі ұлы əншісінің саясаттың құрбаны болғанын есіңе салайын. Ұлы əнші Əміре Парижге барғанда Алаштың арысы Мұстафа Шоқаймен кездесіп, оның сəлемін елге жеткізгені үшін, өмір бойы аңдуда болып, талай тергеу мен қинауды басынан өткізіп, азапты қысқа ғұмыр кешіп, құпия жағдайда қайтыс болған. Ұлы əнші совет өкіметінен атақ пен орден түрмақ, бір медаль алмаған.

Ұлы əнші Күлəш Жоғары советтің депутаты болып жүріп өзінің шындықты айтатын тура мінезі биліктің "көзіне" түсіп, қысымға алынып, соның кесірінен шет елге шығуға жолы жабылып, Мәскеуде қонақ үйде құпия жағдайда қайтыс болған.

Бізде осы кездің өзінде саяси көзқарасы үшін қудалауға түсіп жүрген қаншама өнердің, əдебиеттің тұлғалары бар. Заман бір орнында тұрмайды, бəрі өзгереді.

Біз қазір бала кезімізде: - күн сөнеді, Ленин сөнбеді! Ай сөнеді, Ленин сөнбейді! - деп, əн салып, октябрь төңкерісіне, коммунистік партияға арнап өлең жазғанымызға ұяламыз. Қазір ұлы ақындарымыз бен ұлы жазушылардың, ұлы композиторлардың Ленинге, Маркске, Сталинге арнап жазған шығармаларын жас ұрпақтан жасырып, олардың кітаптарының "көзін құртып" жатырмыз. Қоғам өзгереді, бүгінгі күннің көсеміне, Астанаға арнап жазған өлеңдерімізбен, əндерімізден ұрпақ алдында ұялатын күн туады. Сол үшінде мен саған саясаттан алыс бол! - деймін! Жағымпаздық бізбен кетсін.

Аймұханбет Бейсембековтың фейсбук парақшасынан алынған

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір