• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

20 Мамыр, 2019 Әлемде

Құдықтан су таситын ең кедей президент кім?

Оны әлемдегі ең кедей президент деп те атайды.

Бір елді аузына қаратып, ел басқарған президенттерді әдетте үлде мен бүлдеге орынған, қалағаны орындалатын адам ретінде елестетеміз. Алайда қарапайымдылықты серік етіп, "халықтан үлкен емеспіз" деп, кішіпейілдік танытқан президенттер де бар. Әлемдегі ең қарапайым және ең кедей президенттерді Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына ұсынады. 

3-орын: Джимми Картер, (1977-1981) жылдар аралығында АҚШ-тың  президенті болған.

Джимми Картер

Джимми Картер АҚШ-ты 4 жыл ғана басқарған. Қазір ол – 94 жаста. Ол өзінің әйелімен бірге кішкентай үйде тұрып жатыр. Ол президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін бизнеспен айналысқан. Алайда бәрі сәтсіз аяқталды. Сондай-ақ ол 210 мың доллар президенттік зейнетақы алады. Қазіргі таңда ол үй шаруашылығын қадағалап, салауатты өмір салтын ұстанады. 

2-орын: Махмуд Ахмадинежад (2005-2013) жылдары Иранның президенті болған. 

Махмуд Ахмадинежад

Ол әлемдік аренада АҚШ-қа түрлі санкциялар арқылы қарсылық білдіріп отырған. Махмуд Ахмединежад президент болған кезде оның меншігінде әкесінен мұраға қалған Ирандағы ең кедей ауданда орналасқан лашығы мен ескі көлігі болған.

Сонымен қатар, ол қымбат дүниелерге қызықпаған. Тіпті президент болған кездің өзінде кабинетіндегі қымбат кілемдерді арзан кілемдерге ауыстырған. Ал персиялық қымбат кілемдерді мешіттердің біріне беріпті. Жұмысқа жұрт қатарлы автобуспен барып, түскі асқа әйелі ірімшік қосып жасаған бутербродты жеген. Ең қызығы, президенттік зейнетақыдан бас тартып, университеттердегі жұмысы арқылы күнін көріп жүр. 

1-орын: Хосе Альберто Мухика Кордано, (2010-2015) жылдары Уругвайдың президенті болған. 

Хосе Альберто Мухика Кордано

Оны әлемдегі ең кедей президент деп те атайды. Қазір ол – 83 жаста. Өзінің ай сайын берілетін 12 500 доллар президенттік зейнетақысының 90 пайызын қайырымдылыққа жұмсайды. Өзі 1250 долларға күн көріп жүр. Уругвайдың экс-президенті әйелімен бірге шаруа қожалығында тұрады. Суды құдықтан тасиды. Сондай-ақ, ең қымбатқа алған дүниесі 2000 долларлық – 1987 жылғы көлік.  Тіпті ресми түрде сақтандырылмаған.

Түйін: Олардың зәулім сарайда тұрып, ауқатты өмір сүруге мүмкіндігі болған жоқ емес, болды. Алайда олар байлықтан бас тартты. Президенттік мерзімде қалтасының қамын емес, халықтың әл-ауқатын, жағдайын ойлады. Жай ғана халықтың алдында өз міндеттерін адал атқаруға тырысты. Тарихта ең залым, ең қомағай хан ретінде де немесе ең қарапайым, ең адал патша ретінде де қалуға болады.  

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

2 пікір

7071760015 22 Мамыр, 2019

Ең қызығы БҰҰ жиналысында Джордж У. Буштан кейін сөз кезегінде "Жаңа ғана мына жерде тұрып шайтан сөйледі" деп қойып қалғаны бар еді,(шайтандардың арасында неге жүр), басқа елдермен де қатынасы дұрыс болмады. кейін Иранның халқаралық шоты төрт жылға бұғатталып сыртқы саудасы тоқтап, өзі армандаған кедейлікке жол ашты, халықарада мұнай бағасы қымбаттап 100$дан асып кетті, Ахмет Нижат биліктен кеткесін жаңа билік халқаралық есеп шотын аштырды, олар 5$дан болса да мұнай сатуға мүдделі күйге түскен еді. Сауданың қулық-сұмдығын мықтап меңгеріп алған АҚШ сияқты елдер ғасыр алда, қулығына құрық бойламайды, есебін табады.

Бектас 25 Мамыр, 2019

Біздің елде президенттікке үміткерлерге осылар сияқты бол деп талап қою керек. Болмаса кетсін, халық арасынан табылар адал жандар.