• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:32:09
Алматы
+35°

30 Мамыр, 2019 Саясат

Әміржан Қосанов: “Бір адамға табынған бұл жүйені, парламенттік формаға мен көшірем!”(видео)

ҚР президентіне үміткер Әміржан Қосанов Facebook парақшасына сайлау туралы өлең шығарды

ҚР президентіне үміткер Әміржан Қосанов Facebook парақшасына сайлау туралы өлең жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Мен де сіздей қарапайым қазақпын,
Көне алмаймын тіл мен сөзді байлауға!
Әділеттің, Шындық пенен Азаттың
Туын ұстап мен түсемін сайлауға!

Қиянатқа мен қалайша төзермін?
Көне алмаймын алдау менен айдауға:
Алаш Орда, Желтоқсан мен Өзеннің
Рухы қолдап мен түсемін сайлауға!

Қазағымды күтіп алғай жарқын күн,
Жайылмасын жемқор жаға жайлауға!
Билік сезсін бар екенін Халқымның -
Сондықтан да мен түсемін сайлауға!

Біле білсең, ел қалауы – киелі!
Қалып қоймай адамзаттың көшінен -
Бір адамға табынған бұл жүйені
Парламенттік формаға мен көшірем!

Жақсы өмір керек бүгін, тіріге!
Жылы сөзбен жұбатамын шерліні!
Табындырып «Халық» деген піріне
Тәубасына келтіремін шендіні!

Халқым, мені бас билікке өкіл ет!
Сын сағатта танытарсың даналық!
Отыз жылдай өзгермеді өкімет
Қазағыма керек-ау бір жаңалық!

Жеті адам таласты бір орынға
Бұл күндері үмітпенен қауышты ел:
Енді бәрі сайлаушының қолында -
Алаш жұртым! Өз ұлыңа дауыс бер!

Ол осы үндеуіммен өзін қолдап жүрген көпшілікке алғыс айтты.

Ұсынған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір