• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:17:06
Алматы
+35°

31 Мамыр, 2019 Аймақтар

«Рухани жаңғыру» аясында Жамбылда 230 жоба жүзеге асырылған

«Рухани жаңғыру» жобалық офисі» мекемесінің басшысы Серікбол Берікқожа әңгімелеп берді.

Елбасының бағдарламалық мақаласында алға қойылған мақсаттар мен міндеттер негізінде Жамбыл облысында ірі жобалар мен бастамалар қолға алынып, оң нәтижесін беруде. Бұл туралы «Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисі» мекемесінің басшысы Серікбол Берікқожа әңгімелеп берді.

2017-2018 жылы жалпы көлемі 2,5 миллиард теңгеге барлығы 230 жоба жүзеге асырылып, оған 620 мың адам қамтылды. Қазіргі таңда, облыс аумағында тұрақты түрде мониторинг жүргізу қолға алынған. Жүргізілген мониторингтің қорытындысы бойынша Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын халықтың 96 пайызы білетінін және аталмыш бағдарламаға қатысы бар екенін жеткізген,- дейді Серікбол Берікқожа.

Ал «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» базалық бағыты бойынша Қазақстанның киелі жерлері картасының тізіміне облысымыздан 35 тарихи-мәдени нысан, оның ішінде 8 жалпыұлттық нысан, 27 нысан өңірлік деңгейде енгізілді. Атап айтар болсам, Меркі-Жайсан түркі ғұрыптық кешені, Ақыртас бекінісі (VIII-IX ғғ.), «Ежелгі Тараз қалашығы» (І-ХІХ ғғ.), «Тектұрмас» кесенесі (ХІV ғ.), «Қарахан» кесенесі (ХІІ ғ.), «Айша бибі» кесенесі (ХІ-ХІІ ғғ.), «Бабажы Хатун» кесенесі (ХІ-ХІІ ғғ.), «Байзақ батыр Мәмбетұлы» кесенесі. Барлық 35 нысанның GPS координаттары жасалып, нысандарға қолжетімділік толықтай қамтамасыз етілген. Бұл нысандар Тараз қаласының 44 туристік мекемелері маршруттарына енгізіліп, еліміз бен алыс-жақын шетелдерден келген туристерге таныстырылуда. Киелі жерлердің картасына енген 8 жалпыұлттық нысандардың тарихы туралы арнайы деректі фильмдер түсіріліп, көпшілік назарына ұсынылған болатын. Бұл деректі фильмдерді әлеуметтік желідегі парақшалардан да көруге болады. Сонымен қатар аталмыш нысандарға баратын жолдар жөнделіп, ондағы инфрақұрылымдар мен қызмет көрсету сапасы жақсартылды.

-Қазіргі таңда облыс әкімдігінің туризм басқармасымен бірлесе отырып іс-шаралар ұйымдастыруды тұрақты түрде қолға алып отырмыз.

Тоқталып өтетін болсам, Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарының орта мектептері мен колледждерінен 500-ден аса оқушылар мен студенттер қатысқан. «Тараз Жеріне Тағзым» атты жас туристер фестивалін өткіздік. Фестиваль аясында Тараз қаласының және жақын орналасқан аудандарының тарихи-мәдени нысандары мен көрікті жерлеріне экскурсиялық турлар ұйымдастырылды,-дейді С.Берікқожа.

Бақыт Жалғас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір