• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:53:21
Алматы
+35°

01 Маусым, 2019 Саясат

Ринат Заитов: "Қосановта шаруам жоқ, бірақ..." (видео)

Сөзге тоқтамаған көпшіліктің шуына ызасы келген Зайытов елдің ауызбіршілігінің маңыздылығын атап өтті.

Әлеуметтік желіде белгілі айтыскер ақын Ринат Заитовтың қатысуымен өткен жиыннан түсірілген әуесқой бейнематериал тарап кетті. Бұл жиында халық ортасында сөйлеген ақын бойкот жариялаушыларға батыра айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

У-шуға ұласқан көпшілікті сабырға шақырған ақын бір мәмілеге келе алмаған қос тарапқа тарқасатын тұсты айтты. Оның айтуынша, ақынның Қосановты қолдап тұрғаны шамалы.

"Қосанов бола ма, басқа бола ма, маған бәрібір. Менің тек бір ғана қарсыласым бар. Ол – биліктегі партия. Оған қарсы тұрған кез-келген топ – менің жолдасым. Бойкот жарияласаңыздар, өз еріктеріңіз. Сіздердің де, біздің де шешім дұрыс болсын. Осымен тарқайық", - деді Заитов.

Сөзге тоқтамаған көпшіліктің шуына ызасы келген Зайытов елдің ауызбіршілігінің маңыздылығын атап өтті.

"Құрылтай – ынтамақтастыққа, ауызбіршілікке келетін жер. Ырду-дырду болмайық", - деп түйді сөзін ол.

Құрылтайда Тоқтар Әубәкіров халықты сайлауға шақырмақ болып, сөз сөйледі.

Оқи отырыңыз:

Халық Әубәкіровке қарсы шықты (видео)

Дайындаған: Әділет Мәдениет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір