• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:13:45
Алматы
+35°

03 Маусым, 2019 Саясат

Тоқаев: Мен Назарбаевтан ақыл сұрауға ұялмаймын

"Ресейлік арнаға берген сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан президенті болу қиын емес пе?",- деген сауалға жауап берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен ақылдасуға ұялмайтынын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме бере отырып.

Ресейлік арнаға берген сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан президенті болу қиын емес пе? Әсіресе, Нұрсұлтан Назарбаев секілді көшбасшыдан соң қиындық тудырмай ма?" деген сұраққа жауап берді. 

"Қиын, бірақ бастысы -жауапкершілік. Сенің қолыңда мемлекет тағдыры тұрғанын түсінесің. Бұл - ең бастысы. Мұндайда мен Нұрсұлтан Әбішұлымен ақылдаса аламын. Одан кеңес сұрауға ұялмаймын. Қазақтықтың төркіні сонда жатыр деп ойлаймын", - деді Тоқаев. 

Айта кетейік, елімізде 9 маусым күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Мемлекет басшылығына 7 кандидат таласады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір