• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:43:59
Алматы
+35°

Ақтауда мемлекеттік қызметкерлер бір мезетте, алғаш рет облыстағы ең үлкен тудың астында Мемлекеттік Гимнді шырқады.  

         Қазақстан Республикасының рәміздер күні мерекесіне орай ұйымдастырылған шараға облыс және қала әкімі, мемлекеттік қызметшілер қатысты. Мерекелік алаңда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы ұлықталып, мемлекеттік қызметке жаңадан келген қызметкерлер салтанатты түрде ант қабылдады.Маңғыстау

         Облыс әкімі Е.Тоғжанов жиналғандарды мерекемен құттықтау сөзінде: «Елбасымыз Н.Назарбаев «Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық санасын, қаһармандылығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер» деп атап өткен болатын. Кез-келген мемлекеттің көркейіп гүлденуі сол мемлекеттің төл рәміздеріне деген құрмет сезімінен өрбиді. Ендеше, әрдайым рәміздерімізді қастерлеп, бірлігі мен берекесі жарасқан тәуелсіз еліміздің тұғыры берік болғай,- деп тіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір