• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:43:44
Алматы
+35°

09 Маусым, 2019

Тоқаев оппозиция күштерін ашық диалогқа шақырды

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық оппозициялық күштерді сабыр сақтауға және ашық диалогке шақырды.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт бүгін өз дауысын "Астана Опера" театрының ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінде беріп, сол жерде елді ауызбіршілікке, бірігуге шақырды. Президент кез-келген оппозициялық күшпен және жастармен ашық диалог ұйымдастыратынын айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Жастардың билікке қарсы шығып-шықпауы маңызды емес. Мен жастар санатына кіретіндердің барлығы халқымыздың алдында тұрған маңызды мәселелерді шешу жолында бірігетініне сенемін. Әлем тұрақсыз болып барады. Соған қарамастан, біз адамдардың пікіріне құрметпен қараймыз. Біз билікке қарсы адамдармен де, қолдайтындармен де ашық диалог жүргізуге дайынбыз", - деді Тоқаев өзі дауыс берген учаскеде. 

"Мен барлық заң органдарына азаматтар тарапына дұрыс жұмыс жасауды тапсырдым. Кешірілмейтін қылмыстар да болады, әрине. Бірақ пікір айтуға барлығы құқылы. Мен жастарды билік бағытына сабырмен қарауға шақырамын.Біз елімізді дамыту үшін бәр болуымыз керек, ашық диалогтар ұйымдастыруымыз керек", - деп түйді сөзін президент. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір