• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 06:37:35
Алматы
+35°

17 Маусым, 2019 Айтты-ей, бауырың!

"Әй, Марғұлан, Марғұлан!"

Бақытжан Қосбармақов қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембайдың Қоғамдық сенім жөніндегі ұлттық кеңес құру туралы айтқанына пікірін білдірді.

Facebook әлеуметтік желісінде журналист Бақытжан Қосбармақов қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембайдың Қоғамдық сенім жөніндегі ұлттық кеңес құру туралы айтқанына пікірін білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Марғұлан Сейсембай Қоғамдық сенім жөніндегі ұлттық кеңес туралы айтып жатыр. Соған жазған пікірім еді. "Орайы келсе, орақ орып, кезі келсе, кетпен шауып" дегендей, "сөзіміз өтер ме екен" деген оймен амал жоқ, ақын болып кетуге тура келді", - деп жазған Қосбармақов пікірін өлеңмен жеткізіпті.

"Әй, Марғұлан, Марғұлан!
Наркескендей нар құлан,
Ел бастайтын ер құлан, 
Кекшіл басты кер құлан!
Айтқан сөзге көнбедің,
Өзіңдікін "жөн" дедің.
Кеңес пе еді сенгенің?!
Ол - бұғалыққа көнгенің!

Әй, Марғұлан, Марғұлан!
Керегеде кер жылан,
Дөдегеде ор жылан,
Сағана бойы - сары жылан,
Босағада боз жылан,
Қособада қырық жылан,
Іргеде жатыр жүз жылан.
Төрде жатыр сұр жылан,
Бәрінен де сұм жылан,
Қауіптісі - сол жылан,
Маңдайға біткен сор жылан.

Сол жыландардың ордасына барғаның -
Хас бәлеге қалғаның,
Халқыңды отқа салғаның.
Аңғалдықпен барсаңыз -
Шайнауда кетер бармағың.
Аярлықпен барсаңыз,
Аярдың тілін алсаңыз -
Қаһарына ұшырайсың Алланың,
Әшкере болар жалғаның.
Ер кезегі - бір рет,
Тек қапияда қалмағын,
Сөзімнің білгей салмағын.

Айтпады десең - маған серт!
"Қайтпадым" десең - саған серт!
Жол таппай ел сандалды,
Жылпостарға алданды,
Сатқындық деген - жаман дерт", - деді Бақытжан Қосбармақов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір