19 Маусым, 2019 Саясат
Кандидат болған Рахымбеков саяси анекдот шығарды
Әлеуметтік желідегі оқырмандары Рахымбековтің әзіліне жарыса пікір жазуда...
Zakon.kz
"Күлеміз бе, жылаймыз ба, оны енді өздеріңіз шешіңіздер" деп бастаған кешегі президент сайлауындағы кандидат Төлеутай Рахымбеков өзінің парақшасында қазіргі Қазақстанның шынайы өмірінен алынған қызық жазба жариялады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Оның анекдоты мынау:
- "Шенеуніктің әйелі ірі бизнес-вумен атанып, миллиардерша болып кетті.
Ұлы – мемлекеттік корпорацияның президенті.
Қызы – ірі қордың басшысы.
Ал әлгі шенеунік азғантай жалақымен өз мекемесінде әлі отыр. Не деген жолы болмаған адам еді, отбасының масқарасы".
"Өмірдің шындығы осы", - деп түйіндейді ол.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір