• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:35:03
Алматы
+35°

19 Маусым, 2019 Барлық аймақтар

Меркель Зеленскиймен кездесуде денесі дірілдеп, дегбірі қашты (видео)

Видеодан Ангела Меркельдің қолын бірнеше рет қозғап, өзінің дірілдеп тұрғанын білдіртпеуге тырысқанын байқауға болады.

Ангела Меркель Берлинде өткен Зеленскиймен кездесу кезінде қол-аяғы дірілдеп, өзін нашар сезінген деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-тың дерегін негізге алып. Видеодан Ангела Меркельдің қолын бірнеше рет қозғап, өзінің дірілдеп тұрғанын білдіртпеуге тырысқанын байқауға болады.

Ал Германия канцлерінің қасында тұрған Зеленский өзінің әріптесіне көмек көрсетпеді. Ангела Меркельдің мұндай күйге душар болуына күннің ыстық болуы себеп болған. 

"Мен кемінде үш стақан су іштім. Маған сол жетіспеген секілді. Қазір өзімді жақсы сезініп тұрмын", - дейді Ангела Меркель.

Ал Зеленский болса өзінің не себепті көмектеспегенін пресс-конференция кезінде түсіндіруге тырысты. 

"Мен оның жанында болдым. Маған сеніңіздер ол толықтай қауіпсіздікте болды", деді Зеленский.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір