• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:13:47
Алматы
+35°

21 Маусым, 2019 Спорт

Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі қашан болады?

Қазақстандық Геннадий Головкин мен орта салмақта әлем чемпионы Сауль Альварестің командалары үшінші жекпе-жек бойынша келіссөзді бастады.

Қазіргі таңда екі тарап бір шешімге келе алмай жатыр. Бұл туралы Sport Illustrated тілшісі әрі DAZN стриминг сервисінің жүргізушісі Крис Мэнникс айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Командалар үшінші жекпе-жектің өтетін орнын шеше алмай отыр. Головкин Нью-Йоркте немесе Техас штатында жұдырықтасуды қаласа, Альварес трилогияны Лас-Вегаста аяқтауды жөн көреді. Қазақстандық боксшының Лас-Вегаста өткен алғашқы екі жекпе-жектегі төрешілердің қазылығына көңілі толмаған - екі кездесуде оған алты төрешінің біреуі ғана жеңіс берген еді. 

Golden Boy промоутерлік компаниясы Головкиннің командасымен трилогия өткізу бойынша келіссөз жүргізуге дайын, кейін басқа кандидаттарға ауыспақ. Мэнникстің мәлімдеуінше, екі тарап келісе алмайды.  Головкин мен Альварес үшінші жекпе-жектен көп қаражат алады. Екі боксшы да DAZN-мен келісімшартқа отырған, ал стриминг сервисі жекпе-жекті биыл өткізуді қалайды, себебі ол жазылушылар санын арттырады. 

Айта кетейік, 9 маусымда Головкин DAZN-дағы алғашқы жекпе-жегін өткізіп, Нью-Йоркте канадалық Стив Роллсты нокаутпен жеңген болатын. Жекпе-жектен соң Головкин Альваресті трилогияны аяқтауға шақырған. Головкин мен "Канело" бұған дейін екі рет жұдырықтасқан. Боксшылардың алғашқы жекпе-жегі тең аяқталса, кейін мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір