• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:55:34
Алматы
+35°

24 Маусым, 2019 NEWS

Арыс халқы тау басына шығып кеткен (видео)

Әлеуметтік желіге оқ-дәрі сақтайтын қойманың жарылысын видеоға түсіріп, жүктеген қолданушы халықтың тау басына шығып кеткенін айтады.

Rus.azattyq.org

Бүгін Арыс қаласындағы оқ-дәрі сақтайтын әскери қоймада жарылыс болып, өрттің жалыны қаланы түгел қамтыды. Шошынған халық баласын жетектеп, құжатын алып беті ауған жаққа босып барады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желі қолданушыларының сөзіне сенсек, қазір халықтың дені Арыстан 30-35 шақырым жердегі босаға тауының басына шығып кеткен. 

Халықты залалсыздандыруға 40 автобус бөлініп, 15 пункт тағайындалған. Дегенмен, қалаға барар жолдың кептелісі сұмдық. Видеода бос орыны бар көліктердің балалы әйелдерді, қол көтерген азаматтарды алып кетпей жатқанын анық көруге болады. 

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Арыстағы апаттан әзірге ешкім жарақат алып, жапа шекпеген. 

"Бүгін Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында үлкен жарылыс болды. Дәл осындай жағдай осыдан 10 жыл бұрын (2009 жылы, 20 наурыз) күні болған. Қазіргі таңда біздің ауылдың халқы (Арыс ауданы, Шөгірлі ауылы) ауылдан 30-35 шақырым жердегі "Босаға" тауының басында отыр. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", - деп жазады Нұржан Қоңырбай есімді желі қолданушысы. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір