• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:55:47
Алматы
+35°

26 Маусым, 2019 NEWS

Кішкентай Рамазанға көмек керек

Жаны жомарт жандар бей-жай қарамаса дейміз!

Кішкентай Рамазанға көмек керек деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Екі мүгедек баласымен пәтер жалдап жүрген 32 жастағы жалғызбасты ана - Гүлдана сіздерден көз жасы көл болып көмек сұрайды.

Бала анасының құрсағында жатып зақым алған. Туғаннан кейін дәрігерлер адам болмайды деген. 

Рамазанға көмек

"Біз жансақтау бөлімінде жатқан кезде, ештеңе жоқ, тек гипоксия деген диагноз қойылды деп шығарып салған болатын. Ауруханадан шыққаннан кейін бала түні бойы жылады. Басын шалқайтып құса береді, жылайды. Тамызға таман балам дірілдей бастады. Тоңды дейін десем, күн ыстық. Біз дәрігерге қаралдық, портал қазан айында ашылды. Ол кезде де диагноз дұрыс қойылмады. Кейін эпилепсия және жүрек ауруы деген диагноз қойып берді. Барлығын тексерді. Кардиохирург ота жасаймыз деген, алайда эпилепсияны 5 жасқа дейін емдеу керек деді. 5 жасқа толатын кезде ота жасалатынын ескертті. Үзіліссіз ем қабылдау керек. Емнің өзі өте қымбат. Баламның ауа-райына байланысты ұстамасы ұстап қалады. Уақытымен дәрісін алып ем қабылдасақ балам жақсы жүреді, еңбектейді. Егер ұстамасы ұстап қалса, отыруды, тұруды, еңбектеуді қайтадан үйретеміз. Бәрін кері қайтарып отырады. Дәрісінің өзі қымбат. Дәрі тек Туркияда өндіріледі. Ол жақтан тікелей жеткізетін адам болмағандықтан, Ресей арқылы алдыртамыз. Дәрінің бір ампуласы - 21 мың теңге. Чехияға, Туркияға емделуге шақырған. Бірақ барлығы қаражатқа тіреліп тұр", - дейді анасы.

Рамазанға көмек

Анасы  - Қуандықова Гүлдана күйеуімен ажырасып кеткен. Балаларынан бас тартқан әкесі ешқандай алимент төлемейді. Екі балаға ерекше күтім қажет болғандықтан анасы қазір жұмыс істемейді. Екі баласымен пәтер жалдап тұрады.

Каспий голд: 5169 4931 5705 0231 Қуандықова Зейнеш Молдашқызы (әжеси)
ИИН 6307 0940 2008
Халық банк:5354 5100 9766 2992 Қуандықова Зейнеш Молдашқызы
Сбербанк:4263 4472 8817 0985 Қуандықова Гүлдана Дәулетбекқызы (анасы) 
ИИН 8705 0340 1366
Qiwi Кошелёк:8747 871 0314 банк картасына байланган
Гүлдананың телефон номері 8747 871 0314
Баршаңызға Алла разы болсын!

Видеоны таратамын деушілер маған вацапқа жазыңыздар 8701 727 1070

Рамазанға көмек

Рамазанға көмек

Рамазнға көмек

Рамазанға көмек

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір