• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:47:47
Алматы
+35°

27 Маусым, 2019 NEWS

Арыста дезинфекция жұмыстары басталды

Аймақты тазалауға мамандарға бірнеше күн қажет

Арыстағы төтенше жағдайға байланысты қала аумағында дезинфекция жұмыстарын жүргізу мақсатында Жамбыл және Қызылорда облыстарынан арнайы мамандар тобы келді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Түркістан облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

"Жамбыл облысынан тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау департаментінен және өзге де залалсыздандыру орталықтарынан жалпы саны 30-ға жуық маман келді. Ал Қызылорда облысынан ұлттық сараптама орталығының осы өңірдегі филиалынан 17 маман келсе,  өзге де осы салаға жауапты мамандар залалсыздандыру жұмыстарын бастап кетті. Бұл бригадалардың бәрі техникамен, қажетті құрал-жабдықпен, қамтылған", - деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметіндегілер.

Еске салайық, 24 маусымда сағат 9.20-да Арыс маңындағы әскери бөлім территориясында орналасқан қару-жарақ қоймасында оқ-дәрілер жарылған болатын. Кейінірек Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арысқа барып, жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір