• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:14:39
Алматы
+35°

01 Шілде, 2019 Саясат

Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға үндеу жасады(видео)

Алматы қаласының жаңа әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына үндеу жасады

Алматы қаласының жаңа әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына үндеу жасады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл ол өзінің Instagram парақшасында жариялады. 

Құрметті алматылықтар! Алматы қаласының әкімі міндетіне кірісе отырып, мен сіздердің, қала тұрғындарының алдындағы зор жауапкершілігімді толық сезінемін. Алматы әр-қайсымыздан ерекше орын алған қала! Алматыға деген әр қазақстандықтың ықыласы ерекше. Бұл қала менің жастығымның, кәсіби кемелденуімнің куәсі. Менің басты мақсатым - Алматының әр тұрғыны берекелі өмір сүретін, қауіпсіздігі қолайлы, заманға сай мегаполиске айналдыру. Біз оған тек бірге тізе қосып, еңбек ету арқылы жете аламыз! Сондықтан, сіздердің талап-тілектеріңізді біліп, уақытылы жауап беру, мен үшін өте маңызды! Қаланың проблемалары мен даму стратегиясын сіздермен бірге ашық талқылағым келеді. Сіздермен тікелей байланыс орнату үшін FacebookTwitterInstagram желілерінде тіркелдім. Барлығымыздың тағдырымыз мен байланысты маңызды шешімдерді әзірлеп, қабылдау кезінде сіздердің қолдауларыңыз мен үшін маңызды.   Ақылдаса отырып, бірге жұмыс істейік!” - деді қала әкімі. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір