• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
23 Тамыз, 17:19:25
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

05 Шілде, 2019 психология

Сіздің мінезіңіз қандай?: Суреттегі қолшатырдың бірін таңдаңыз (психологиялық тест)

Төмендегі суреттен көзіңізге бірден түскен немесе өзіңізге ұнаған қолшатырды таңдап, сипаттамасын оқыңыз. Сіз таңдаған қолшатыр мінезіңіздің қандай екендігінен хабар береді. Ендеше, іске сәт!

Психологиялық тест

№1 қолшатыр назарыңызды аудартса:

Сіз ешқашан жүрегіңіздің үніне құлақ аспайтын жансыз. Бәлкім өміріңіздің бір кезеңінде жүрегіңіздің айтқанын тыңдап, опық жеген боларсыз. Содан бері мәселелерді тек ақылмен шешесіз. Ақылыңыз сізді ешқашан адастырған емес. Әр істің тура жолын оңай табатын адамсыз.

Егер №2 қолшатырды таңдасаңыз:

Сіз уақыт көшінен оза жүретін жансыз. Әрдайым жаңалыққа жаныңыз құмар. Ешкімнің ойына кіріп шықпайтын идеяларды жүзеге асырып жүресіз. Киім кию үлгіңіз де өзгелерге ұқсамайды. Басқалар үшін батыл қадам болып саналатын іс-әрекеттер сіз үшін үйреншікті. Өйткені сіз өзгелердің тісі батпайтын шаруаларды әп-сәтте тындыра аласыз. Сіздің қолыңыздан барлығы келеді.

№3 қолшатыр ұнаса:

Сіз өзгелердің назарын аудартқыңыз келмейтін жансыз. Сіз тек туыстарыңыз бен жақындарыңызға ғана ашыла сөйлейсіз. Эмоцияңызды өзгелерге білдіртпесеңіз де өте мейірімді екеніңізді жақындарыңыз жақсы біледі. Сырт көзге суық көрінетін жүзіңіздің ар жағында жылулық барын сезген әрбір адам сіздің адал ниетіңізге тәнті болары анық.

№4 қолшатырға таңдауыңыз түссе:

Сіз өмірде майда-шүйде мәселелерге бас қатырмайтын адамсыз. Өмірдің әрбір сәтін бағалай алатын қасиетіңіздің арқасында көптеген жетістіктерге жетесіз. Кішкене жолыңыз бола қалса, арқаңызды кеңге салып, көп мақтанып кететін қасиетіңіз бар. Бірақ сіз үшін ол да маңызды емес. Барлығына қолыңызды бір сілтеп, тек өз мүддеңіз үшін ғана өмір сүресіз.

№5 қолшатырды таңдасаңыз:

Сіз арманшыл адамсыз. Айналаңыздағы әрбір құбылыстан ғажайып іздейсіз. Сіз үшін шығармашылықпен айналысып, өз қабілетіңізді арттыру маңызды. Өмірдегі ғажайыптардың сырын ұғуға талпынасыз. Көп ойланатындықтан, жүзіңіз аздап шаршаңқы көрінуі мүмкін. Алайда, сіз көңілді жүретін жандардың қатарынансыз.

№6 қолшатырды көзіңізге түссе:

Сіз сөйлеу шеберлігіңізбен, өзіңізді ұстауыңызбен өзгелерді тарта аласыз. Адамдардың ортасында көшбасшылық қасиетке иесіз. Барлығы сіздің ақыл-кеңесіңізге жүгінеді. Және сіздің берген кеңесіңіз пайдаға асып жатады. Сол себепті адамдар сізді сыйлайды. Өкініштісі, өзгелерге айтқан ақылыңыз өзіңізге жүрмей қалады. Қиын сәтте қам жемеңіз, сіз бәрібір тығырықтан шығудың жолын жақсы білесіз.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір