06 Шілде, 2019 Атырау облысы

Атырауда астананың туған күніне орай мерекелік концерт өтті

Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай мерекелік концерт өтті

Бүгін Атырау қаласында Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай мерекелік концерт өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

"Ел астанасы — Нұр-Сұлтан" атты мерекелік шара М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында өтті. Кеште Еліміздің астанасына арнайы жазылған әндер шырқалды. 

Шараға арнайы қатысқан аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев айтулы мерекемен құттықтап, Нұр-Сұлтан қаласының негізін салудағы маңыздылығына тоқталды. 

"Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ҚР астанасын Алматыдан Есіл бойына көшіру туралы жарлыққа қол қойған болатын. Бүгінгі таңда сол шешімнің оң нәтижесін көріп, куәгері болып келеміз. Елордамыз біліммен ғылымның, мәдениет пен спорттың орталығына айналып отыр. Өңірлік ғана емес әлемдік деңгейде көтерілген мәселелерді шешу үшін Нұр-Сұлтан қаласында әлемнің көшбасшылары бас қосып, келелі шешімдер қабылданып келе жатыр",- дейді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір