• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 01:55:47
Алматы
+12°

07 Шілде, 2019 Барлық аймақтар

novosti.az

Ауғанстанның Газни қаласында лаңкес жүк көлігін жарып жіберді. Мәліметті таратушы "Пажвак" агенттігі деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына не сілтеме жасай отырып. 

Қазіргі уақытта 179 адамның жарақат алған, 12 адам қаза тапқан деп көрсетілген мәлімдемеде. Жарылысты "Талибан" қозғалысы өз мойнына алды.  Жергілікті БАҚ мәліметінше, зардап шеккендердің көбісі қарапайым тұрғындар. Олар қазіргі таңда ауруханада.

Зардап шеккендердің арасында 36 бала бар екені айтылады.  Ауғанстан президенті Ашраф Ғанидың баспасөз қызметінің жетекшісі Садик Садикки талибтердің шабуылын сынға алып, оны теракт деп атады.

"Газни қаласындағы жеке мектептің жанында талибтердің террорлық шабуылы бейбіт тұрғындардың өліміне әкеліп соқты, ал бұл адамзатқа қарсы қылмыс болып табылады",- деп жазды баспасөз қызметінің жетекшісі Twitter желісіндегі парақшасында. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір