• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:56:21
Алматы
+35°

05 Шілде, 2019 NEWS

Елорда күніне орай Маңғыстауда әлеуметтік маңызы зор нысандар ашылды

 Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің есігі айқара ашылды. "Елорда күні" мерекесі аясында өткізіліп отырған шараға Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов қатысты.

- Бүгін Мұнайлы ауданының спорт өмірінде айрықша күн. Өйткені ауданнан алғаш рет осындай зәулім кешен ашылуда. Алдағы уақытта осы спорт алаңында жаттыққан жасөспірімдер арасынан болашақ чемпиондар шығатынына сенімдімін. Біз дарынды балалардың кәсіби спортпен айналысып, ойдағыдай дайындықтардан өтуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Жеңіс жолындағы жалынды жігерлеріңізге жарқын жетістік тілей отырып, барлық жарыстар мен сайыстарда абырой биігінен көрініңіздер, - деп аймақ басшысы өзінің жылы лебізін білдірді.

Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында бой көтерген спорт кешені "Норт Каспиан Оперейтинг Компани" мекемесінің қолдауымен салынған. Жобаның жалпы құны 466,187 млн. теңгені құрайды. 160 көрерменге шақталған спорт кешенінің құрылыс жұмыстары 2018 жылдың мамыр айында басталып, ағымдағы жылдың маусым айында толық аяқталған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір