• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 01:42:52
Алматы
+35°

19 Маусым, 2019

"Жастар жылындағы" игі істер

Қазіргі таңда білімді, білікті, жаңа өнертапқыш жастарды қолдау шаралары еліміздің әр өңірінде ұйымдастырылып жатыр

2019 жыл Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен "Жастар жылы" болып аталынғаны бәрімізге аян, дегенімен көпшілік осы жыл қарсаныңда өткізіліп жатқан іс-шара мен жастарға арналған мүмкіндіктерді біреуі біліп, біреуі білмеуі мүмкін.

Сол үшін шағын ақпарат жинап өттік: Қазіргі таңда білімді, білікті, жаңа өнертапқыш жастарды қолдау шаралары еліміздің әр өңірінде ұйымдастырылып жатыр. Қазақстанда 4 млн-ға жуық жастар бар, олар әртүрлі санатқа жатады. Оның ішінде – жас ғалымдар, актерлер, спортшылар, әншілер, ауыл шаруашылығының мамандары, жеке кәсіпкерлер бар.

Осыған орай Жастар бизнесін қолдау, Жастар стартаптарын қолдау қорын құру, студент- волонтерлардың шәкіртақысын көтеру, жас ғалымдардың жобаларын қаржыландыру, студенттік құрылыс қозғалыстарын дамыту, сонымен қатар, жас отбасыларға қолдау көрсету және т.б. игі істер атқарылып жатыр. Аталып өткен жұмыстардын бәрі тек "Жастар жылы" қарсаңында ғана емес, алдыңғы жылдарда да атқарылған, ал бұл жыл жастарға тек одан әрі көп мүмкіндік беріп, арман-мақсатына жетуіне жәрдемдеседі.

Берілген мүмкіндікті дұрыс пайдалану тек жас буынның қолында. Өткен менен болашақты байланыста ұстау, қазақи рухымызды жоғарлату тек бәсекеге қабілетті, көзі ашық, көкірегі ояу жастардың қолынан келеді. Мемлекетті жаңа жаһандық деңгейге шығаратын жастар. Қорыта келе, кез-келген мемлекет жастар біліміне және тәрбиесіне, тұлға болып қалыптасуына, біліктілігін арттыруға қатты көңіл бөледі, себебі ол – ел ертеңі.

Сондай игі істердің бірін Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ұйытқы болуымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі ұйымдастырмақ. «Туған жер» атты жоба аясындағы байқаудың төрт номинациясының бірі «Үздік өнертабыс» деп аталады. Онда жастар өздерінің ғылыми, тұрмыстық және т.б. өнертабыстарын ұсынып, арнайы ақшалай сыйлықтар мен алғыс хаттарға ие бола алады.

Автор: Сымбат Жұлдызбай 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір