• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:49:59
Алматы
+35°

18 Шілде, 2019 Әлем

АҚШ Венесуэладағы оппозицияны қолдау үшін 42 млн доллар бөледі

40 миллион доллар оппозиция лидері Хуан Гуайдоның командасына беріледі. Ақша оппозициялық штаб қызметкерлеріне айлық ретінде, іс сапарларына, демократиялық басқару және сайлау кампаниясын жүргізу технологиялары бойынша семинарлар ұйымдастыру үшін жұмсалады.

Құрама Штаттар Венесуэладағы оппозицияны қолдау үшін 40 миллионнан астам доллар бөлуі мүмкін Qamshy.kz ақпарат агенттігі centralasian.org сайтына сілтеме жасап. Негізі бұл қаражат Орталық Америкаға гуманитарлық көмек ретінде берілмек.

Халықаралық даму агенттігінің Конгреске жолдаған қызметтік хаты The Los Angeles Times газетіне келіп түскен.

40 миллион доллар оппозиция лидері Хуан Гуайдоның командасына беріледі. Ақша оппозициялық штаб қызметкерлеріне айлық ретінде, іс сапарларына, демократиялық басқару және сайлау кампаниясын жүргізу технологиялары бойынша семинарлар ұйымдастыру үшін жұмсалады.

​Дональд Трамп және оның ұлттық қауіпсіздік бойынша көмекшісі Жон Болтон Каракастың ресми үкіметін “Николас Мадуроның бұрынғы режимі" деп атайды. АҚШ, Еуропаның көп өлкелері және Латын Америка Гуайдоны Венесуэланың заңды уақытша президенті ретінде таныған. Вашингтон венесуэлалық қашқындарды көрші елдерге жайғастыру бойынша ірі қаражат жұмсады. Венесуэланың АҚШ-тағы консулдықтарында Мадуро тарабынан тағайындаған дипломаттар Гуайдоны жақтағандармен алмастырылып жатыр.

42 миллион долларды Орталық Америкадағы үш өлкенің екеуі – Гватемала мен Гондурас алмақ. Бұл елдерде Құрама Штаттарға кетуді қалайтындар көп. Себебі, өлкеде зорлық-зомбылық кең етек алған.

Вашингтон өткен жылы Орталық Америкаға гуманитарлық жәрдем ретінде 370 миллион доллар бөлген. Дональд Трамп егер жергілікті билік миграция ағымын тоқтатпаса, жәрдем берілмейтінін ескерткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір