• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:55:58
Алматы
+35°

Негізінде қашаннан ауыл – өнер мен мәдениеттің  ордасы, ұлтымыздың түп тамыры, еліміздің алтын бесігі десек қателеспейміз. Ауыл ахуалын көтеру, ажарын көркейту – бүгінгі күннің басты мәселесіне айналып отыр.

Осыған орай Тұңғыш Президент Н.Назарбаев Жолдауында ауылдық жерлерді қолдау жайлы тың бастама көтеріп, ауылдың әлеуметтік ортасын жаңғырту қажеттігін және бұл әкімшіліктердің міндеті екенін айтқан болатын. Ауылдарды даму нүктесіне айналдыру аясында«Ауыл – ел бесігі» жобасы қолға алынбақ.

Мақсат-ауылдарды тұрақты даму ошақтарына айналдыруымыз керек. Ауылдарда баспана мен жолдарды салып, шағын және орта бизнесті дамыту қажет. Барша адамзаттың құтты мекені, молшылықтың, береке-бірліктің ордасы болған ауылдың ахуалын көтеруге мемлекет  тарапынан айрықша көңіл бөлінуде.

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов барлық басшыларға алгоритм бойынша қоғаммен тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында тиімді бағдарламаларды дұрыс пайдалана отырып, болашақты жарқын етудің оң нәтижесін көрсетуде.   

Бұл – ауылдарды ажарландыра отырып, өзекті мәселелердің оң шешілуіне серпін береді.

Басты мақсат – ауыл тұрғындарының бір күндік емес, өмірлік азық табуына ықпал ету, яғни қолына қармақ беру.  

Осы орайда  Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек кезекті алгоритмдік кестесі бойынша Жаңарық ауылдық округінде болды.

Аудан басшысы Ақтоғай ауылындағы саябақ, мешіт, «Балдаурен» шағын орталығы, ауылдық клуб, кітапхана, мектеп және сайлау учаскесі, фельдшерлік амбулоториялық пункттерді аралап, ондағы ахуалмен танысты.

Содан соң, «Бүркітті» су тоғаны, Ұ.Сыздықбайұлы ауылдық клубы, кітапханасы мен өнер мектептерін аралап, жасыл желек, тазалық т.б ойларымен бөлісті. 

Екі ауылдағы денсаулық, білім, мәдениет ошақтарының жәй-күйін бақылап, алдағы атқарылар жұмыстарды ортаға салды.

Барлық әлеуметтік нысандарды аралап шыққан соң, аудан басшысы ауыл тұрғындарымен қорытынды кездесу өткізді.

 Ауыл тұрғындары алдында сөз сөйлеген аудан әкімі Қ.Қайшыбекұлы:

 -Қазіргі таңда облыс басшысы А.Мырзахметовтің тікелей басшылығымен барлық ауыл-аймақтарды  аралаудамыз. Бүгін ауыл тыныс-тіршілігін тағы да бір рет бақылап, қадағалау жұмыстарын жүргіздік.

 Ауыл халқы тіршілік істеуге дайын. Жігері мол адам көп.

Тек қалай бастарын білмей жүргендерде кездесуде. Алға талпынып, кәсіппен айналысамын деген жандарға бағыт беріп, демеу шаралары жүргізілуде. Осы тұрғыда тиісті бөлім басшылары да ортамызда отыр. Қажетті ақпараттарды аламын, тірлігімді бастаймын дегендерге есігіміз ашық.

Бүгінде бірте-бірте көңіл қуантарлық нәтижелерге қол жеткізіп жатырмыз.

  Аудан көлемінде қаншама кәсіпкер үлкенді-кішілі кәсібін дөңгелетіп отыр. Алдағы уақытта аудан тұрғындарын  мемлекеттік бағдарламаларды пайдалана отырып, тігін цехы, тандыр пеш, сүт сақтау,өндіру цехы, тауық асырау, жылыжай, балмұздақ жылжымалы аппараты, тағы басқа кәсіп көздерін ашуға шақырамыз.  Бұл – үлкен мүмкіндік, -екендігін айтып ағынан жарылған аудан басшысына ауыл тұрғындары да өз ойларында жүрген ұсыныс-пікірлерін айтты.

  Аудан әкімінің сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы аудан көлемінде экономикаға серпін беретін тың жобалар қолға алынып, жаңа жұмыс орындары құрылмақ. Мектептер мен жолдарды жөндеу жұмыстарына да жүйелі жоспар жасалған. Биыл осы мәселелерді біржақты етеміз деп отыр аудан әкімі.

Кездесуде тұрғындар толғандырған  түйткілдерін айтты.

Сұрақтарды әкім жауапсыз қалдырмады.

 Осы кездесуде   жаңаарықтықтардың көптен бері арманына айналып келе жатқан  ұялы байланыс және интернет жүйесін орнату  мәселесінің жақын арада шешімін табатыны айтылды.

   Тағы бір қуантарлық  жәйт, ауданда халықтың әлеуметтік жағдайы көтеріліп, кәсіппен айналысу жылдан жылға өсуі. Елбасы халыққа арнаған Жолдауында «Экономикамызда шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түседі»- деген болатын.

Осы мақсатта ауданда шағын және орта бизнесті дамыту үшін «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасы арқылы ауыл азаматтары несие алып өз ісін ашуда. Әр жылда ауыл азаматтары жаңа кәсіпкерлік нысандар ашып, жұмыссыз жандар жұмыспен қамтылуда.

Ауылдықтар да қолдан келгенше өз кәсіптерін ашып, ауылдың ажарлануы үшін бар мүмкіндіктерді жасамақ. Бүгінгі күннің өзінде аядай ғана Ақтоғай ауылы бойынша қарапайым заттар эконмикасын қалыптастыруда.  Тұрғындар  өздерінен артылған  есік алдындағы егістіктерінен 15,0 тонна қызанақ, 2,7 тонна асқабақ, 7,0 тонна қияр  өткізуді жоспарлап отырғандығы айтылды.

Кездесуде аудан әкімі биылғы жылы да ауданда бірнеше кәсіпкерлік нысандар мен тарихи ескерткіштер  бой көтерді.  

Тағы бір үлгі етіп айтар жаңалық мен деген қайырымды азаматтардың арқасында осы рамазан айында төрт бірдей көпбалалы отбасы баспаналы болды.  Алдағы жұмыс халықтың әлеуметтік жағдайын реттеуге, бірінші кезекте көпбалалы отбасыларын қажеттіліктермен қамтуға бағытталып отырғандығын айтып, жиналғандарды қуантып тастады.

Ауыл ақсақалдары расында да бүгінде ауылдың  өткені бүтінделіп, бүгіні ажарлануда. Ертеңі одан да жарқын болары сөзсіз деп оң көзқарастарын танытып жатты.  

Дариха Үмбетиярова


"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір