• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Тамыз, 07:40:54
Медициналық сақтандыру: Өз денсаулығыңыз – өз қолыңызда

01 Тамыз, 2019 Аймақтар

Шымкенттің жаңа әкімі қала активімен алғашқы жиналысын өткізді

Әкім тұрғындардың мәселелерін жедел әрі сапалы шешу мақсатында аудан әкімдерінің құзыреттерін заң аясында кеңейту қажеттігін атады.

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов 31 шілде күні алғашқы жиналысын өткізді Qamshy.kz ақпарат агенттігі әкімдік сайтына сілтеме жасап. Мегаполис әкімі мәжілістің басында аудандардың және басқармалардың жұмыс бағыттарымен танысты.

Ерлан Қуанышұлы ең өзекті мәселелердің бірі ретінде қаланың шалғай елдімекендерін дамыту қажеттігін басып айтты. Қажет инфрақұрылымның, атап айтқанда, сапалы ауызсу, газбен жабдықтау, электр қуаты, жол, кәріз жүйелерінің жеткіліксіздігі мәселесін жүйелі түрде шешуді талап етті. Келесі жылдың басымды бағыты ретінде қаланың шалғай елдімекендерін дамытуды айқындады.

"Жергілікті билік, қаланың әр тұрғынына, олардың тұрғылықты мекенжайына қарамастан бірдей жағдай жасауы қажет, яғни, өмір сүруге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру, бұл - Елбасымыз және Президентіміздің әкімдерге қойған басты талабы", - деп ашып айтты Ерлан Қуанышұлы.

ерлан айтаханов

Әкім, сонымен қатар, тұрғындардың мәселелерін жедел әрі сапалы шешу мақсатында аудан әкімдерінің құзыреттерін заң аясында кеңейту қажеттігін атады.

"Аудан әкімдеріне халық мұң-мұқтажын айтып келеді, ал әкімдерде оны шешетін не құзіреті жоқ, не қаражаты жоқ. Халық аудан әкіміне Президенттің өкілі деп сеніп, үміт артып келеді. Олар қарапайым мәселені шеше алмаса, халықтың билікке деген сенімі жоғалады", - деп мәлімдеді әкім.

Осыған орай қаладағы негізгі жобаларды аудан әкімдерімен алдын ала келісуді тапсырды. Бұған қоса бюджеттің тиімсіз жоспарлану фактілерін атап, бюджет шығындарын ішкі резервтерді пайдалана отырып, тез арада оңтайландыруды тапсырды. Қала басшысы, сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек көрсету сапасын арттыру бойынша жүйелі тапсырмалар берді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір