• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:51:33
Алматы
+35°

02 Тамыз, 2019 NEWS

Абайлаңыз, Алматыда жалған ақшалар айналымда жүр

Жыл басынан бері қалалық экономикалық тергеу департаментіне 4,7 миллионнан астам жалған ақша түскен.

Соңғы уақытта Алматы қаласында жалған банкноттардың тарауы жиілеп кетті.

Қалалық экономикалық тергеу департаментінің дерегінше, Ұлттық валютаның ішінде бір сериялы нөмірді жалған ақшалар көбейген. Олар 5 мың және 10 мың теңгелік банкноттарда кездеседі. Алматы қаласындағы экономикалық тергеу департаментіне жалған банкноттар екінші деңгейлі банктерден түседі. Көбіне 10 000 теңгеліктер тіркеледі, олардың сериялары бірдей АА3048964, AA0048181, AA0048484 және номиналы 5000 теңгелік банкноттар бар BB5547994.

Жыл басынан бері департаментке 4,7 миллионнан астам жалған ақша түсті. Қазіргі уақытта бөлім қызметкерлері аталған банкноттарды шығару және тарату көздерін анықтау бойынша жұмыс жүргізуде. Алматы қаласының Экономикалық тергеу департаменті, тұрғындарды кассалық операцияларда қырағы болуға шақырады. Жасанды төлемдер анықталған жағдайда, дереу Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеулер департаментіне хабарласуларын сұрайды. Алматы қаласы Жібек-жолы көшесі 127, сенім телефоны: 8 727 297-29-56 хабарласыңыз.

Алма Мұқанова

inform.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір