• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:07:49
Алматы
+35°

17 Тамыз, 2019 Шығыс Қазақстан облысы

350-ден астам шығысқазақстандық экологиялық акцияға қатысты

"Аулардан таза су айдыны" акциясы күні бойы еліміздің барлық өңірінде өтті.

Шығыс Қазақстан облысында аталмыш акцияға 350-ден астам адам қатысты. Оның ішінде 50 волонтер бар. Акция аясында 50 өзен жағалауы мен су қоймасы қоқыстан тазартылады, – деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ШҚО ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

– Тарбағатай ауданындағы 50 шақырымды құрайтын тереңдігі 15 метрге дейінгі жағалауды тазартуды жоспарлап отырмыз. Мұндай шараларды өткізу арқылы біз су қоймаларындағы санитарлық жағдайды жақсартамыз. Бұдан бөлек өзен жағалауларын қоқыстардан да тазартамыз. Шындығына келсек, өзендердің  астын тазалау жұмыстары сирек жүргізіледі. Ал бұл өз кезегінде демалушылардың денсаулығына зиянын тигізетіні айдан анық. Сол себептен осы акцияның  маңызы зор, – деді ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Санақбек Кітапбаев.

Өңірдегі Зайсан өзені, Өскемен, Шүлбі су қоймалары, сондай-ақ Сасықкөл өзендеріне тазалық жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде судан 34,4 мың текше метр немесе 345 дана қоқыс шығарылды.

Аталмыш акция елдің барлық жерінде ұйымдастырылуда. Ал қорытындысы 19 тамызда жарияланады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір