• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:47:33
Алматы
+35°

03 Қыркүйек, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Маргұлан Сейсембай: Қоқан-лоқы мен ескертулер алып жатырмын

Сіздер мені талай рет қолдадыңыздар. Сіздерге алғысым шексіз! Осы жолы да мені жалғыз қалдырмайды деп сенемін!

Соңғы кездері мен органдар тарапынан біреулер арқылы "сәлемдемелер", қоқан-лоқы мен ескертулер алып жатырмын. Бұны өзім білетін, әрі сенім артатын адамдар арқылы да, өзім тікелей танымайтын белсенді оқырмандарым арқылы да білдім.

Сіздерге алдын ала ескертіп қояйын. Ақпараттық кеңістіктегі менің үнімді өшіру үшін арнайы ақпараттық шабуыл жасалмақшы. Мұны олар сатымпаз блогерлер мен анонимді интернет қайнар көздері арқылы жүзеге асырады. Мені қиын жағдайға тап қылу үшін әр кезде берген сұхбаттарымдағы сөздерді алып, айыптаушы айғақтарды өте белсенді түрде әзірлеп жатыр.

Менің айтқандарымды өзгертіп, әдейі бұрмаланған аудио және видео материалдар дайындалып жатыр. Сондай-ақ, олар менің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымды бұзып, посттарымды бұғаттауға тырысады. 

Сондықтан, сіздерді қырағы болуға шақырамын, "әшкерелеуші айғақтар" деп аталатын жалған нәрселерге алданып қалмаңыздар. Өздеріңізден, осындай аккаунттарды бұғаттап, жойып жіберу арқылы, арсыз адамдардың жиіркенішті әдісімен күресуде көмектесулеріңізді сұраймын.

Сіздер мені талай рет қолдадыңыздар. Сіздерге алғысым шексіз! Осы жолы да мені жалғыз қалдырмайды деп сенемін!

Осы жазбамды барынша көп бөлісу арқылы олардың еңбегін еш қылуды сұраймын.

Марғұлан Сейсембай

Фейсбук парақшасынан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір