• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
23 Қыркүйек, 17:08:45
Кекілбаевқа арналған кеш

03 Қыркүйек, 2019 NEWS

ШҚО-дағы Алакөл жағалауы адам танымастай өзгереді

Алакөл алдағы бес жылда Түркиядағы жағажайлардың бірде-бірінен кем болмайды.

Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин мәлім етті.
 
– Алакөл жағалауы адам танымастай өзгереді. Осы мақсатта тиісті жұмыстар атқарылауда. Мәселен Алакөл жағалауында концерт өткізетін арнайы орын ашылады. Оған жеке инвестор тартылады, – деді Серік Зайнулдин.
 
Алдағы жылдары Алакөл жағалауында барлық талапқа сәйкес келетін сауда орындары, автотұрақтар салынады. Бұдан бөлек бейнебақылау камераларының саны артады.
 
Айта кетейік, биыл Алакөлдегі демалушылар  саны   орта  есеппен алғанда 750 мың адамды  құрап отыр. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 25 пайызға артық.
 
Ағымдағы жылы туристік   қызметтен  108 миллион теңге салық түсті. Сондай-ақ есептік кезеңде Алакөл көлі жағалауында 6 кәсіпкерлік нысан іске қосылып, аудан экономикасына 1 млрд 145 млн 900 мың теңге көлемінде инвестиция тартылды. Алдағы жылдары Алакөл көлі жағалауындағы су құбыры құрылысының жобалық сметалық құжаттарын дайындауға 17 млн. 200 мың теңге, Алакөл көлі жағалауындағы кәріз желілері мен сүзгілеу алаңдарын құрылысына ЖСҚ әзірлеуге 20 млн.теңге, Алакөл жағалауындағы жер телімін құрғату үшін су бұру каналының құрылысына ЖСҚ әзірлеуге жергілікті бюджеттен 14 млн. 500 мың теңге бөлініп,  жобалар әзірленуде.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір