• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:41:08
Алматы
+35°

06 Қыркүйек, 2019 Барлық аймақтар

"Божконың нағыз патриот екені факт": Дәурен Абаев депутатты қалай қорғады?

Еске сала кетсек 4 қыркүйекте Владимир Бажко халық биліктің алдында тізерлеп тұрып алғыс айтуы керектігін айтқан болатын. Аталмыш мәлімдемесі халық арасында қызу талқыға түсті. 

Мәжіліс депутаты Владимир Бажконың соңғы мәлімдемесіне қатысты министр Дәурен Абаев пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Менің ойымша, Владимир Карпович, эмоцияларға сәйкес, сәтсіз тұжырым жасауға мүмкіндік берді. Біз оның нақты не айтқысы келгенін түсініп отырмыз ғой. Тағы да тәуелділікке қатысты пікір білдірді. Бірақ жай ғана дұрыс сөзді қолдана алмады. Біріншіден ол әскери, тік мінезді адам. Екіншіден, ол қателеспесем 11-12 жасынан бастап жұмыс істеген. Өкінішке қарай әлеуметтік желі қолданушылары Владимир Божконы осы пікірінен кейін өз елінің патриоты емес деп сынға алған. Халықтың жағдайын ойламайтынын да жазып жатыр. Бірақ біз нақты бір іс-әрекеті жағынан сынға алып көрейікші. Көптеген құтқару жұмыстарын жеке өзі басқарған және жүздеген Қазақстан азаматтарының өлімінің алдын алған адамды патриот емес деуге болмас. Ол қазақ жерінің нағыз патриоты екені факт", - деді Дәурен Абаев "Ашық диалог" атты бағдарламада. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір