• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 13:29:48
Алматы
+35°

06 Қыркүйек, 2019 Барлық аймақтар

Арман Шораев Абылай ханның алып ескерткішін салуды ұсынды

Абылайханның алып ескерткіші тот баспайтын болатпен көмкеріледі

Қазақ күресін насихаттап жүрген ұлтжанды азамат Арман Шораев Абылай ханның алып ескерткішін салуды ұсынды. Бұл туралы жобаның эскизін ол өзінің фейсбуктегі парақшасында көрсетті.

«Достар! Абылай хан мемориалының эскиздік жобасын елімізде жүзеге асыруды көздеп отырмын. Ұлы даланың елінің тәуелсіздігін сақтап, жоңғарларға жойқын соққы беріп, біздің ата-бабамыздың жерін қорғап қалған хан Абылайдың ұлт тарихында орны үлкен.

Сондықтан да аталған жоба туралы пікірлеріңіз керек. Бұл эскиздік жоба болғандықтан кәсіби мамандардың пікірі керек.

Аталған ескерткіштің биіктігі 54 метр. Оның төменгі жағына музей және конференц зал және көрме залы және тағы басқалары орналастырылады.

Абылайханның алып ескерткіші тот баспайтын болатпен көмкеріледі.

Арман Шораев бұл жоба егер іске асар болса, ішкі және сыртқы туризмнің дамуына септігін тигізер деген ойда

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір