• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:27:37
Алматы
+35°

Президент Жолдауын насихаттап, түсіндіру мақсатында аудандық ақпараттық тобы құрылды. Жүйелік кесте жасалып, іс-шаралар жоспары бекітілді. Ақпараттық топ ауданның барлық округтерінде болып, Жолдаудағы міндет-межелерді кеңінен насихаттау жұмыстарын бастапта кетті.

Ал, облыс көлемінде бұл маңызды жұмыс жоғары деңгейде жүзеге асуда. Осындай жүздесу бүгін аудандық мәжіліс залында өтті.

Ауданымызға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында облыстық мәслихаттың депутаттары «ҚазФосфат» ЖШС-нің Бас директоры, «Қазақстанның Еңбек Ері» Ескендіров Мұқаш Зұлқарнайұлы және Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Төлепберген Мейрамбек Мылтықбайұлы іссапармен келді.

Өздеріңізге белгілі ағымдағы жылдың 2 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламенттің қос палатасының алдында «Сындарлы қоғамдық диалог – қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына тұңғыш Жолдауын арнаған болатын.

Барша жұртшылық 2020 жылға арналған басты құжатты зор ықыласпен, үлкен өрлеу үстінде қабылдап отыр.

Бұл Жолдау – сайлауалды бағдарламалардың іске асырылуына бағытталып қана қоймай, мемлекет пен қоғамның сенімін арттыру, ұлттық мүддені өрістету сияқты талаптарды қарқынды іске асыру жолдарын ұсынып отыр.

Сонымен қатар, жиынға жергілікті атқарушы орган басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, әлеуметтік сала қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, ардагерлер мен БАҚ өкілдері қатысты Бұл кездесудің өзгелерден ерекшелігі аудандықтар Еңбек ерімен бетпе бет кездесіп, өз ойларыамен бөлісуі, Мұқаш Зұлқарнайұлының өзіне тән қарапайымда, сауаттылығымен тұрғындар алдында еркін әңгіме дүкен өрбітуі, "Ұлық болсаң, кішік бол" дегенге саяды.

Сондай-ақ, Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Мейрамбек Мылтықбайұлының шешендікпен жүргізген ашық алаң іспеттес кездесудің форматы жиналғандар көңілінен орын алды.

Кездесу соңында аудан әкімі Қанатбек Мәдібек:«Жұмыла көтерген жүк-жеңіл» дейді. Ендеше Президент Жолдауынан туындаған әрбір тапсырманы абыроймен жүзеге асыруда ауызбіршілік танытайық.

Ауданымызға арнайы атбасын тіреп тұрғындар сауалдарына жауап берген облыстық мәслихатарына Сарысулықтар атынан алғысымды білдіремін. Бұрыннан ауданымыздың әлеуметтік экономикалық ахуалына орасан зор үлестері бар "ҚазФосат" ЖШС-гімен алдағы уақытта да достық қарым қатынаста болып, әлі талай игі істерді бірге атқарамыз,-деді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір