• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 06:25:49
Алматы
+35°

«Барселона» футболшысы бас бостандығынан айрылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Барселонаға" тиесілі "Истанбул Башакшехир" клубының жартылай қорғаушысы Арда Туран 2,8 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған сот тапаншадан ату, заңсыз қару-жарақ ұстау және қасақана дене жарақатын салу бойынша 2,8 жылға бас бостандығынан айырды. Дегенмен "жыныстық қатынасқа итермелеу" бойынша тағылған айыпты жоққа шығарды.

Түрік футболшысы жыныстық қатынасқа итермеледі, заңсыз қару-жарақ ұстады, өмірге қауіп төндірді және қасақана дене жарақатын салды деп айтыпталған болатын. 

Былтыр Арда Туран Стамбұлдың түнгі клубтарының бірінде танымал түрік әншісі Беркай Шахиннің жұбайына тиісіп, кейін әншінің өзімен төбелескен. Содан кейін футболшы ауруханаға түсіп қалған әншіге тапаншамен келіп, кешірім сұрапты. 

"Сенің жұбайың екенін білген жоқпын. Кешір, мені атып тастасаң болады", - деп тапаншасын қалдырып кеткен. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір