• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:32:14
Алматы
+35°

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай бос тұрған өндірістік базалардың орындарында бизнесті ашу алаңдары ұйымдастырылатынын хабарлады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімдігімен бірлесе отырып, индустриалды парктер ашуға болатын өндірістік базалар зерттелді. Ауданда осындай 10 орын бар екен. Бұларда бизнес жүргізу үшін барлық жағдайлар жасалады, лизинг шарты бойынша жабдықтар алынады, кәсіпкерлерге қолжетімді несиелер беріледі.

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша Алматыда ШОБ қолдау бағдарламасы іске асады. Бизнес ашу ішінде қала шетіндегілерге 2%-дық мөлшермен, ал орталықта тұратындарға 7%-бен несие бөлінеді.

«Біздің ауданымыз жаңа әрі бизнес үшін болашағы зор. Аудан өркен жаюда, сондықтан бір қадам жақын сервистік қызметтер, шаштараздар, магазиндер, емханалар және басқа объектілер қажет. Кіші индустриалды аймақтарда жаңа өндіріс орындары ашылады», – деді С. Тоғай.

Оның келтірген мәліметі бойынша биылғы жылдың 7 айы ішінде негізгі капиталдың инвестициясы 27,5 млрд теңгені құрады. Тоқыма фабрикасын салу – ірі инвестициялық жобалардың бірі. Ол биылғы жылдың соңына қарай іске қосылады. Жобаны жүзеге асыруға 750 млн теңге жұмсалды.

Жалпы, ауданда ШОБ-тің 2 мыңға жуық субъектілері тіркелген, 4,5 мың жаңа жұмыс орындары құрылған.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір