• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:15:05
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында әлеуметтің әлеуетін арттырып, тұрғындартың тұрмысын түзеуге нақты тапсырмалар бергені белгілі. Бұл бағытта қазір нақты жоспарлар айқындалып, алдағы уақытқа межелі міндеттер белгіленді. Бұл Қазақстанды жаңа жаһандық дәуірге бастайтыны сөзсіз. Осы орайда Президенттің пәрменді қадамдарына өңірлерде өз үнін қосып, қолдау білдіргені абзал. Ал ең басты демеу ол көрсеткіштің жыл санап өскені деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жамбыл облысында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 2019 жылдың 1 тоқсанында 66361 теңгені құрап, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы көріністе 14,0%-ға, нақты – 8,5%-ға артты.

Орташа айлық атаулы жалақы 2019 жылдың 2 тоқсанында 126,5 мың теңгені құрап, атаулы көріністе 13,7%-ға, нақты - 8,2%-ға өсті.

Жұмыссыздық деңгейі 2019 жылдың 2 тоқсанында 4,8%-ды құрады.

2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында облыс бюджетінің кірістері 203,4 млрд. теңгеге немесе 103,4%-ға орындалды.

Меншікті кірістер жоспары 44,4 млрд. теңгеге (жоспар 37,8 млрд. теңге) немесе 117,6%-ға орындалып, бюджетке 6,6 млрд. теңге жоспардан артығымен түсті, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда өсім 114,2%-ды құрады (+ 5 млрд. 516,9 млн.тг).

Жалпы облыс бойынша бюджеттік қаражаттар 210,8 млрд. теңгеге немесе 98,6%-ға игерілген, игерілмегені – 2,9 млрд. теңге (2018 жылдың 1 қыркүйегіне – 98,0%, игерілмегені – 3,5 млрд. теңге).

Жанға жылу беретін жағымды жаңалықтардың дені бұқарамен байланысты екені белгілі. Бұл орайда әулиеаталықтардың жұмыспен қамтылуы, меншікті кірістердің орындалуы, қазына қаржысының игерілуі құп көретін нәрсе. Бұл жайында облыс әкімі Асқар Мырзахметов те алқалы жиындарда баса айтып, бұған айрықша көңіл бөліп келеді. Бір ғана аймақ басшысының ауылдарды аралап, тұрғындармен тілдесіп, мұң-мұқтажын тыңдап жүруінің өзі көпке үлгі. Мәселен Мойынқұм ауданына жұмыс сапарымен барған Асқар Исабекұлы шалғайдағы елді мекендердің өздеріне ат ізін салып, тұрғындардың тілегін тыңдады. Сондай-ақ қарапайым заттар экономикасын дамыту үшін аулу-аулаларды аралап, бақша баптап та баюға болатындығын қарапайым халықтың санасына сіңірді. Нәтижесінде мойынқұмдықтар кеңестік кезеңнен кейін ұмыт қалған жүгері шаруашылығын қолға алса, ауласынан шағын теплица ашып, шаруашысын шалқытып жатқандар да бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір