• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:43:54
Алматы
+35°

Тараздық кәсіпкерлер «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңын жетік біледі. Аталған заңдағы 19,21 баптарының сақталуы тіл саласы мамандарының тұрақты бақылауында, деп жазады Qamshy.kz ақпараттық агенттігі.

Жалпы облыс орталығындағы сауда орындарының, дүкендер мен өзге де кәсіптік нысандардағы жарнама мәтінің сауаттылығы сала мамандарының тұрақты бақылауында. Бұл мақсатта Тараз қаласында рейдтік шаралар жиі өткізіліп тұрады. Соның есебінен тараздық кәсіпкерлер «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заң талаптарына жетік. Бұл заңның 19, 21-баптары мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттік тіл ең бірінші кезекте, ал басқа тілдер қажет болған жағдайда ғана қолданылатындығы тайға таңба басқандай етіп жазылуы керек. Аталған заңдылықтың орындалуын зерделеу мақсатында облыс орталығындағы бірқатар кәсіпкерлік нысандарды сүзіп шыққан тіл мамандары жамбылдық кәсіп иелерінің жарнама тіліндегі сауаттылық деңгейі жоғары екенін айтады.

– 2019 жылдың басында Жамбыл облысы әкімінің қатысуымен өткен кеңесте ағымдағы жыл соңына дейін 2019 жылы Тараз қаласындағы мейрамхана, қонақ үй, сауда үйлері мен сән салондарының көрнекі ақпараттарындағы мемлекеттік тілдің пайдаланылу дәрежесін 100 пайызға жеткізу туралы тапсырма берілді. Сондықтан облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқарма мен облыстық әкімдіктің бекіткен келісіміне сәйкес көрнекі ақпараттың пайдалануын бақылаудың өңірлердегі қамту дәрежесі 100 пайызға жетуі керек, – дейді облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы міндетін атқарушы Нәбира Сүйманова.

Жарнама саудадағы ең ұтымды маркетингтік әдіс болғанымен оны жасаудың да өз заңдылықтары бар. Және ҚР «Жарнама туралы» Заңы сауатсыз жарнамаға жол бермей және оларға тыйым салуды мақсат етеді. Сәйкесінше дұрыс жарнама әуелі мемлекеттік тілде жазылуы керек және кәсіпкердің қалауынша бұл жазудың бірнеше тілдегі нұсқасы болуы мүмкін. Ал бұл заң талаптарын көзге ілмеген кәсіпкерлерге сыртқы жарнамадағы қателерге қатысты ескерту хат түрінде жолданады. Сондай-ақ сыртқы жарнамаға латын қарпін қолдануға да болады. Тек мәтіннің барынша сауатты болғаны абзал. Қажет жағдайда кәсіпкер бұл мәтіндерді тіл саласына жетік мамнадарға тексерткені дұрыс.

Айта кететін тағы бір жайт Тараз қаласында жарнамалық мәтіндердің сауатты жазылуына, орналасуына ақысыз консультациялық көмек көрсететін «Жедел желі» қызметі де ұйымдастырылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір