• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
19 Қазан, 00:27:47
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

18 Қыркүйек, 2019 NEWS

«Кәсіп алаңы» мотивациялық курстары басталды

Екі аптаның ішінде курсқа шамамен 2300 адам қатысты. Жоспар бойынша аталған курс пен вебинарлар 80 000 алматылықты қамтуды көздейді.

«Кәсіп алаңы» атты бір күндік мотивациялық семинарлар мен вебинарлар барысында танымал кәсіпкерлер, салалық сарапшылар, жетекші бизнес-тренерлер дұрыс бизнес құрып, нарықта өз орнын табу сияқты жеке ұсыныстармен бөліседі. Сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары туралы әңгімелейді. «Атамекен» ҚР ҰКП-ның қатысуымен қала әкімдігі әзірлеген «Almaty business–2025» бизнесті дамыту бойынша өңірлік бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын бұл жоба жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарға, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен көпбалалы аналарға арналған. Бір күндік курстар мен вебинарлардың қорытындысы бойынша 80 мың адам қамтылу керек. «Кәсіп алаңы» мотивациялық семинарлары мегаполистің барлық сегіз ауданында 11 қыркүйек пен 18 қазан аралығында жоғары оқу орындары, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар, қаланың әмбебап базарлары және аудандық әкімдіктер базасында өтеді. Қатысушыларды тіркеу әкімдіктерде, «Атамекен» ҚР ҰКП, Халықты жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ онлайн тәртібі арқылы жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап «Qoldaý.kz» сайтынан да вебинарлар беріле бастайды.

Семинарлар мен вебинарлардың негізгі тақырыптары – Алматы қаласының басым салалары: туризм, сауда, құрылыс, көлік, қонақ үй бизнесі, өндіріс, IT, қаржы, сақтандыру және басқа салалар. Курстар мен семинарларда салалық сарапшылар жаңа бастаған кәсіпкерлерге бизнесті жүргізудің моделін құру, бизнесті жылжыту мен дамыту бойынша кеңестер береді. Оқу жүйесі менеджмент, құқықтық қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп, маркетинг және басқа да бағыттарды қамтиды.

Қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың айтуынша, аталған семинарлар мен вебинарлар курсқа қатысушыларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етпек. Мәселен, «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы өз қызметтерін таныстырады. Ол кәсіпкерлікті дамытудағы әкімшілік кедергілерді түбегейлі азайтуға бағытталған. Осы мақсатта «Qoldaý» өз алаңында барлық қажетті қызметтерді, яғни кеңес беру, сүйемелдеу, мемлекеттік және өзге де қызметтерді ұсыну бойынша бизнеспен өзара іс-қимыл жасау әдістерін жинақтаған.

– Өткен аптада бастау алған жоба құрамында барлық жастағы жұмыссыз әрі өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, көпбалалы аналар бар барлығы 2300-ден астам адамды қамтыды. Қатысушылар еліміздің жетекші кәсіпкерлері, сарапшылары мен жетекші бизнес-жаттықтырушыларының тәжірибесін, білімін алып, кәсіпкерлік негіздері курстарынан өтті. Жоспар бойынша бір күндік семинарлар мен вебинарлар қаланың барлық аудандарын қамтымақ. Біздің «Кәсіп алаңы» бағдарламамыз кәсіби дағдыларды арттыруға арналған платформа іспеттес. Жаңа мамандықты игеріп, білім алуға, соның ішінде шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың тетіктері мен құралдары туралы білімін жетілдіретініне сенімдіміз. Биыл 80 мыңға жуық адам бір күндік мотивациялық курстар мен вебинарларға қатысады.

– Курс қорытындысы бойынша 10 мыңға жуық адам ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған арнайы курстарға, 2 мыңнан астам адам жаңа мамандықтар алу үшін қысқа мерзімді курстарға жіберіледі, – деп атап өтті С.Тұяқбаев.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір