• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:44:35
Алматы
+35°
Делегация құрамында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Раимқұлова, Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров, Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова бар жұмыс тобы Шығыс Қазақстанға арнайы іс-сапармен келді. 
 
Мұндағы басты мақсат –  «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» ҚР Президенті Жолдауының негізін халыққа түсіндіру. Екі күннің ішінде, бүгін, 20 қыркүйек пен ертең, 21 қыркүйек күндері Бердібек Сапарбаев министрлермен бірге шығысқазақтандық жұртшылықпен, кәсіпорындардың жұмысшыларымен, ұйымдармен, шағын және орта бизнес өкілдерімен, көпбалалы аналармен кездесулер өткізеді.
 
Іс-сапар барысында Семей қаласындағы Жедел медициналық жәрдем ауруханасындағы гибридті хирургиялық операцияларға арналған блоктың жұмысымен танысады. Электротехникалық колледжге, Абай ауданындағы Кеңгірбай би мен Қарауыл ауылдарында орналасқан ауруханаларға барады. Сондай-ақ Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған іс шаралар легін талқылайды.  Бұдан бөлек Алтай қаласындағы ауруханаға, роботты хирургия орталығына, Өскеменде салынып жатқан 200 орындық балалар ауруханасына, сондай-ақ облыс орталығындағы №46 мектепке ат басын тірейтін болады.
 
 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір