• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:54:03
Алматы
+35°

Жамбыл облысының Төенше жағдайлар департаментінің және Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының мекемесімен бірлесіп Тараз қаласы аумағындағы тұрғын секторларында газ сараптауыш орнатуда. Аталмыш шара «Өрт қауіпсізідігі айлығы» кезеңінде алдағы жылыту маусымы қарсаңында адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын, сондай-ақ улы газдан улануын болдырмау мақсатында қолға алынып отыр. Жүргізілген жұмыстар нәтижесіінде бүгінгі күнге дейі 1673 дана газ сараптауыш орнатылған.

Тұрғын үй секторларынның иелері көп балалы отбасылар мен тұрмысы нашар отбасылар болып табылады. Бұл бағытта газ сараптауыш қондырғылары тұрғын секторында орнату жалғасуда. Өкінішке орай, ағымдағы жылдың басынан Тараз қаласы аумағында табиғи газбен улану 3 фактісі тіркеліп, оның ішінде 1 адам табиғи газбен уланып қаза болды және 4 азамат табиғи газдан зардап шекті.

Бұл ретте, тұрғын үйде жоғарыда аталған автономды сигнализатор немесе улы газ датчигін орнату арқылы улы газдан улануды алдын алуға болады.

Сондай-ақ, төтенше жағдайларды болдырмау, адамдардың өлімі мен жарақаттануын алдын алу мақсатында алдағы жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздік ережесін сақтаған жөн. Атап айтқанда, үйге, пәтерге, саяжайға өздігінен газ тартуға, газ жабдығын орнатуға, газ құралдары мен тығын арматурасын ауыстыруға және жөндеуге тыйым салынады. Мұндай жұмыстарды білікті мамандар ғана нормалар мен ережелерге сәйкес жүргізе алады. Газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсететін мамандар кірпіштен салынған мұржаларды тоқсанына бір рет тазалайды, ал әк пен цементтен жасалған және металл мұржаларды жылына бір рет жылыту кезеңінің алдында тазалайды. Жылыту құралдарын қосардың алдында міндетті түрде мұржаның түтін тартуын тексереді. Жеке үйлерде мұржа қатып қалмауы үшін қысқы уақытта оны орау . Іске қосылған мұржаны кірпішпен, сондай-ақ мұржадағы жапқышпен жабуға болмайды. Мұржаның бас жағына құс ұя салмауына, сондай-ақ жауын-шашын тамбауына орайластырылып жасалуы тиіс. Газдандырылған пештер мен мұржалардың қалануы, сылағының тығыздығы өзгерген, жарықтар пайда болғанда кезде пайдалануға болмайды. Мұржаларда және су жылытқыштың түтін шығаратын құбырларында өзбетінше қосымша шиберлер орнатуға тыйым салынады. Терезе, жалюздер және желдеткіш арналары жабық болса, мұржаларда, желдету арналарында және ванна бөлмесінің есігі астында түтін тартатын қуыс болмаған жағдайда газ құралдарын қолдануға болмайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір